11 тамыз 2025 жылы Мәскеу және Бүкіл Ресей Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен ұйымдастырылған Қазақстан православие жастарының X Съезі өз жұмысын аяқтады.
Алматы іргесіндегі «8 көл» эко-курортының аумағында өткен съезд жұмысына 200-ден астам адам қатысты – Митрополит округінің барлық епархияларының делегаттары, епархия мен приход жастар активінің жетекшілері мен мүшелері, жастар мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты, қоғамдық, діни және әлеуметтік мәселелер жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ Ресей мен Беларусьтен келген қонақтар.
Төрт күн бойы командалар діни викториналарға, шеберлік сабақтарына, вокалдық және аспаптық байқауларға, спорттық жарыстарға қатысып, өскелең ұрпақты толғандыратын мәселелер бойынша пікірталастарға қатысып, Алматы рухани семинариясы оқытушыларының дәрістерін тыңдады. Дінбасылар мен педагогтардың ынтымақтастығы, жан-жақты ойластырылған бағдарламасы мен форумның ерекше христиандық атмосферасының арқасында жасөспірімдер уақыттарын көңілді және қызықты өткізуге мүмкіндік алды және сонымен бірге Православиенің дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын өз бойларында нығайту мүмкіндігіне ие болды.
Сьезд барысында YouTube желісіндегі «Серафим» арнасының авторы С.Сашлиевпен кездесу ұйымдастырылды.
10 тамызда Қасиетті Құдай Анасының Смоленск белгішесінің құрметіне форумға қатысушылар Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында болып, Құдайлық Литургияда дұға етіп, Мәсіхтің Қасиетті құпияларына қатысты.
11 тамызда Қазақстанның көктегі қорғаушылары – қасиетті шейіттер Алматылық Серафим мен Феогностты еске алу күні – съезд делегаттары Ақсай шатқалындағы Серафим-Феогностовская ерлер монастырі – киелі иеромонахтардың монахтық ерліктері мен шейіт болған жеріне келді. Қажылар монастырдың тақ мерекесіне орай ұйымдастырылған рухани мерекелерге қатысты.
Форумның жабылуында Қазақстан Митрополиттік округінің жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий қатысушыларға архипасторлық сөзін сөйлеп, Шіркеу үшін жастар қызметінің маңыздылығы мен сұранысын атап өтті. Архипастор өзінің орынбасары - иерей Георгий Рублинскийге, қонақтарға және сьезді ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді. Билеуші «ELEOS-MEIRIM» қоғамдық қорының басшылығына жастардың осынау ауқымды шарасын өткізуге белсене атсалысып, көмек көрсеткені үшін ерекше алғысын білдірді.
Жастар өз жауабында Астана және Қазақстан митрополиті Александрға, епископ Игнатийге және сьезді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Делегаттардың айтуынша, форумға қатысқандардың барлығы өздерін үлкен христиандық отбасы ретінде сезініп, съезде жылы, достық атмосфера орнаған.
Жастар мерекесінің соңында концерт өтті.
Қазақстан православие жастарының X Съезі өз жұмысын аяқтады
ТолығырақСерафим-Феогностовская ерлерге арналған монастырінде қасиетті шейіттер Алматылық Серафим мен Феогносты еске алуға орай рухани мерекелер өтті.
ТолығырақАрхиепископ Софонидың (Сокольский) тыныққан орны - Воскресенская шағын шіркеуінің кескіндеме жұмысы аяқталды.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр