ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.08.2025, 16:00

Ақмола облысында «Бурабай 2025» скауттық лагері өтті

Ақмола облысында «Бурабай 2025» скауттық лагері өтті

2025 жылдың 4-8 тамызы аралығында Петропавл және Булаевский архиепископы Владимирдің батасымен Бурабай курорттық аймағында епархияның «Дельта» жасағының православиелік жол іздеушілер бауырластығының белсенді мүшелері қатысқан «Бурабай-2025» скауттық лагері өтті.

Саяхатта балаларды алып жүргендер: Жоғары мәртебелі билеуші Владимир, Петропавл қаласындағы Вознесенский кафедралды соборының клиригі диакон Владимир Бартоль, «Дельта» скауттық жасағының басшысы А.Фадеева және епархияның жастармен жұмысына жауапты Т.Гуржеева.

Лагерь игі істің бастауы ретінде дұға етумен ашылып, одан кейін Петропавл епархиясының басқарушысы жиналғандарға құттықтау сөзін сөйледі.

Саяхат барысында  жас барлаушыларға табиғат ескерткіштері – таңғажайып жартастар, көркем аралдар, сондай-ақ курорттық аймақтың құрылу тарихы туралы айтылған «Бурабай» көліне су экскурсиясы жасақ өмірінің жарқын сәті болды. Балалар аты аңызға айналған «Оқжетпес»  тауы мен «Жұмбақтас» жартасын, «Қытыркүл»  көлі мен «Көкше» шоқысын көрді. 

Ұлттық саябаққа экскурсия барысында қонақтар шағын сарқырама құрайтын көркем бұлақ - Иманаевский бұлақтарында болды.

«Бурабайды» көз жетер биіктіктен көру үшін балалар скаут-нұсқаушы диакон Владимир Бартолмен бірге «Бөлектау» тауына шықты. 

Сондай-ақ балалар Бурабай кентіндегі ұлы шейіт және емші Пантелеймонның құрметіне арналған ғибадатхананың киелі орындарына тағзым етті.

Ұйымдастырушылардың атқарған үлкен жұмысының арқасында балалардың демалысының әр күні қызықты оқиғаларға толы болды және барлық балалар көптеген жағымды әсерлер алды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді