ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
10.09.2025, 13:50

Шамалған стансасының Владимирский приходында Мәскеу күніне арналған концерт өтті

Шамалған стансасының Владимирский  приходында Мәскеу күніне арналған концерт өтті

7 қыркүйек 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы облысындағы Шамалған стансасында Құдай Анасының Владимирский иконасына арналған приходта Ресей астанасы күніне арналған «Алтын күмбезді Мәскеу» атты мерекелік концерті өтті.

Сондай-ақ, іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына, Жетісу казактары одағының 30 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған.

Мереке Астана епархиясының ағарту қызметі жөніндегі комиссиясы мен Қазақстанның орыс, славян, казак ұйымдары Қауымдастығы ұйымдастырды.

Концерт басталар алдында ағарту қызметі жөніндегі комиссияның жетекшісі, Владимирский шіркеуінің басшысы протоиерей Сергий Казимиров құттықтау сөзін айтты.

Іс-шараның қонақтары болғандар: Алматы қаласындағы Орыс үйінің басшысы М.С. Симакова; «Семиречье казактары одағының» атаманы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.С. Шихотов; Алматы қалалық украиндық этномәдени бірлестігінің төрағасы Т.А. Агапова; Алматыдағы ауған этномәдени орталығының өкілі, Алматы қаласы «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі О.Мұхаммедсаруар; Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі С.В. Шихотов; Алматы қаласы Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, полковник М.Д.Назарбаев; Алматы облысы және Қарасай ауданы әкімдіктерінің өкілдері; Жетісу казактары одағының мүшелері; жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері; Владимирский шіркеуінің приходтары

Концертте өнер көрсеткендер: Шамалған стансасының Құдай Анасының Владимирскрй иконасына арналған приходтың жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері; Семиречье  казактары одағының «Казачья слава» ансамблі; «Мотор-Роллер» тобының жетекшісі И. Аутов; «Зори Семиречья» ансамблі; М.Гранованың жетекшілігімен Алматы халық ән театры; Т.Л. Кизилованың жетекшілігімен «Гүлдер» би ансамблі; Ресей Альянсы шығармашылық клубының жетекшісі Ю. В.Фокеев,  «Мандарин» фланкинг клубы және «Ложкари» ансамблі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді