26 қыркүйек 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан митрополиті округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Радио ВЕРА» ресейлік мәдени-ағарту радиостанциясының басшылығымен кездесу өткізді.
Қазақстанға келген делегация құрамында болғандар: «Радио ВЕРА» бас директоры Р.А. Торгашин, білім беру бағдарламаларының директоры және «Клевер Лаборатория» жобасының жетекшісі Ю.Е. Селюкова, даму жөніндегі директор Н.Стрельцова және диджитал-директор А.Лобада.
Кездесуге қатысқандар: Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің меңгерушісі протоиерей Евгений Иванов, семинарияның проректоры иерей Иоанн Ливинский, Округтің ақпараттық- баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары иерей Кирилл Коноплев, Митрополиттік округтің жастар ісі жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары иерей Георгий Рублинский; «Өркендеу» қорының президенті А.С. Қасымова; және «Senim Online» жобасының жетекшісі А.Ю. Гревцев.
Сәлемдесуден кейін Митрополит Александр қонақтарға Қазақстан Православие Шіркеуінің өміріндегі ең маңызды оқиға – Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің 16-18 қыркүйек аралығында өткен Астанаға сапары туралы айтып берді.
Кездесудің негізгі тақырыбы «Радио ВЕРА» мен Қазақстан Митрополиттік округі арасындағы БАҚ серіктестігі мен білім беру бастамалары саласындағы ынтымақтастықты талқылау болды. Атап айтқанда, «Өркендеу» қорының қолдауымен Қазақстан Православие Шіркеуінің қамқорлығымен «Senim Online» жобасын жүзеге асыру – мәдени және рухани-ағартушылық интернет-хабар тарату қызметін құру талқыланды.
Кездесуді еске алу үшін иерарх «Радио ВЕРА» басшылығына өзінің ғылыми жұмысын, «Орта ғасырлардағы Орталық Азиядағы христиандық» кітабын, Митрополит округінің 2026 жылға арналған күнтізбесін және Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников жетекшілігімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арнаған Қазақстан Православие Шіркеуінің мәдениет басқармасы шығарған «Ұлы Жеңіс әндері» музыкалық альбомын сыйға тартты.
«Радио ВЕРА» делегациясы Алматының және бүкіл Қазақстанның көктегі қорғаушылары – иеромонахтар Серафим (Богословский) мен Феогност (Пивоваров) ерліктері мен шейіт болған Ақсайлық скитке қажылыққа барды, Никольский және Қазан соборларында, Александро-Невский шіркеуінде болды;
Алматы қаласының орталық жексенбілік мектебінің директоры Г.В. Черепановамен , «Семиречье» телестудиясының директоры, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посадневамен кездесті.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр