29 қыркүйек 2025 жылы Егорьевск епископы Мефодийдің төрағалығымен видео конференция фоматында Орыс Православие Шіркеуінің Синодтық библиялық-теологиялық комиссиясының және Кеңесаралық Қатысудың теология және теологиялық білім беру комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Пленум жұмысына Қаскелең епископы Геннадий қатысты.
Отырыста комиссиялардың негізгі қызметі, сондай-ақ Шіркеу Билігі тапсырмаларының ағымдағы жағдайы қаралды.
Күн тәртібіндегі басты тақырып Егорьевск епископы Мефодийдің эволюциялық теорияларды теологиялық тұрғыдан түсінуге арналған құжат жобасы туралы баяндамасы болды.
Баяндама қорытындысы бойынша комиссияларға жүктелген міндеттерді орындау бойынша алдағы іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша талқылау өтті.
Патриархия ру порталының материалдары негізінде
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр