ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
12.10.2025, 13:30

«Қостанай епархиясы. Жаңа тарих» атты фотокөрменің ашылуы өтті

«Қостанай епархиясы. Жаңа тарих» атты фотокөрменің ашылуы өтті

12 қазан 2025 жыл. Қостанай. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Константино-Еленинский кафедралды соборындағы салтанатты Литургиядан кейін шіркеу алаңында «Қостанай епархиясы. Жаңа тарих» фотокөрмесінің ашылуы өтті.

Епархия ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара Қостанай епархиясының құрылғанына 15 жыл толуын мерекелеуге арналды.

Көрменің ашылуына Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты.

Тұсаукесерде болғандар: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Константино-Еленинский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Василий Королев,  епархияның  бас шіркеуінің клиригі игумен Иннокентий (Помогалов), Лисаковск шіркеу округінің құрметті өкілі, Лисаковск қаласындағы әділ Иоанн Кронштадтский атындағы шіркеудің басшысы протоиерей Олег Калмыков, Қостанай епархиясының конфессері протоиерей Андрей Корчажников, Рудный қаласындағы Иоанно-Богословский кафедралды  соборының кілтшісі игумен Максим (Бойков), Константино-Еленинский шіркеуінің клиригі, Сарыкөл шіркеулік округінің құрметті өкілі протоиерей Виталий Клеба, Қостанай қаласындағы Никольский шіркеуінің кілтшісі  протоиерей Виталий Гуцан, митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі, Тобыл қаласындағы Құдай Анасының Қазан шіркеуінің басшысы иерей Андрей Крутин, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин,протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий, Қостанай епархиясының діни қызметкерлері.

Жоғары Мәртебелі жиынға қатысушыларға құттықтау сөзін сөйледі.

Митрополиттік округ Басшысының құттықтау сөзінен кейін иеромонах Геннадий (Бурдюжа) көрменің тұжырымдамасын түсіндіріп, көрермендерге экскурсия жасады.

Көрмеге қойылған фотосуреттер мен баннерлер Қостанай епархиясының тарихы мен қазіргі өмірінен сыр шертеді. Жаңадан салынған шіркеулер мен қалпына келтірілген Иверско-Петропавл ғибадатханасының, епископ Тимон (Русанов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының және Тобылдағы епархиялық мұражайдың бейнелері стендтерді безендіреді. Фотосуреттер архипастырлар мен Қостанай облысында еңбек еткен атақты дін қызметкерлері туралы баяндайды. Көрменің бір бөлігі епархияның уақытша істері Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қызметіне арналған, ол белсенді шіркеу құрылысымен, Иверско-Петропавл монастырінің қайта жандануымен, діни қызметкерлер санының көбеюімен, Қостанайдағы шіркеу өмірінің барлық аспектілерінің дамуымен ерекшеленді.

Көрме өз жұмысын ағымдағы жылдың соңына дейін жалғастырады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді