ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.10.2025, 14:35

Шамалған стансасының Владимирский приходында «Ежелгі дүние тарихы» атты балалар викторинасы өтті

Шамалған стансасының Владимирский приходында «Ежелгі дүние тарихы» атты балалар викторинасы өтті

5 қазан 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Шамалған стансасының Владимирский приходында ежелгі грек өркениетіне арналған «Ежелгі дүние тарихы» атты оқушылардың викторинасы өтті.

Іс-шараға Алматы епархиясының жексенбілік мектеп тәрбиеленушілерінің командалары қатысты.

Зияткерлік сайыс алдында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Р.Ф. 

Сабирова студенттерге геометрия, механика, гидростатика салаларында көптеген жаңалықтар ашқан, математикалық талдауда көптеген идеяларды болжаған, сонымен қатар математикалық талдаудың көптеген идеяларын ойлап тапқан ежелгі грек ғалымы, инженері, математигі Архимед туралы, айтып берді.

Одан кейін іс-шара қатысушылары Ежелгі Грецияның тарихымен байланысты сұрақтарға жауап берді, есептер шығарды, диктант жазды және тақырыптық үстел ойындарын ойнады.

Байкент ауылындағы Серафим Саровский шіркеуінің, Қаскелең қаласындағы Михаило-Архангельский соборының және Алматыдағы Құтқарушы Христос соборының командалары викторина жеңімпаздары деп танылды.

Зияткерлік сайысқа қатысушылардың барлығына Алматы епархиялық басқармасы сыйға тартқан Ежелгі Греция тарихына арналған кітаптар сыйға тартылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді