ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
22.10.2025, 09:00

Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников Алматы семинариясының шіркеу- әні айту пәндері кафедрасының отырысын басқарды

Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников Алматы семинариясының шіркеу- әні айту пәндері кафедрасының отырысын басқарды

21 қазан 2025 жыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматыдағы православиелік рухани семинарияда шіркеу-ән өнері пәндері кафедрасының отырысы өтті.

Жұмысты кафедра меңгерушісі - семинарияның профессоры, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы жанындағы шіркеу-ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеу-қоғамдық кеңесінің мүшесі, митрополиттік хордың регенті, Қазақстан митрополиттік округінің хатшысы Олег Николаевич Овчинников басқарды.

Жиналысқа қатысушылар - Алматы рухани семинариясының оқу ісі жөніндегі проректоры Петр Бахтияров, рухани мектеп канцеляриясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов, регенттік бөлімінің меңгерушісі және митрополиттік хордың хормейстері В.В. Дударева, семинарияның пастор және регенттік бөлімдерінің музыка пәндерінің оқытушылары болды.

Жиналғандар шіркеу әнін үйретудегі өзекті теориялық және практикалық мәселелерді қарастырды, студенттерге православиелік ғибадаттағы оның ерекшелігі мен маңыздылығын түсінуге ықпал етті. Семинарияда музыка теориясын оқудағы жаңа тәсілдер және студенттердің музыкалық сауаттылық негіздері мен вокалдық техниканы меңгеруі талқыланды.

Олег Николаевич рухани мектептегі педагогикалық және ғылыми жұмыстың жалпы деңгейін арттыру бойынша кафедра жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, факультеттің еңбегі үшін алғысвн білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді