26 қазан 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Митрополит Иосиф (Чернов) рухани-мәдени және әкімшілік орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Олардың ерлігі өлмейді» атты фотокөрменің ашылуы өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен Қазақстан митрополиттік округінің мәдениет комиссиясы (басшысы - диакон Богдан Бойко) ұйымдастырды.
Тұсаукесерге қатыстқандар: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Қарағанды және Шахты архиепископы Севастиан, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий, Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий, Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф, Астана епархиясының викарииі Талғар епископы Вениамин, Орал және Атырау епископы Вианор, Алматы епархиясының шіркеулерінің діни қызметкерлері, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы М.С. Симакова, Алматы рухани семинариясының студенттері, директоры Г.В. Черепанова бастаған Оңтүстік астананың Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері, Алматы епархия басқармасының қызметкерлері, Оңтүстік астана шіркеулерінің діни қызметкерлері мен приходтары.
Көрме жұмысы басталмас бұрын Қаскелең епископы Геннадий мен М.С. Симакова жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі.
Әпі қарай Никольский соборының Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиленушілері, «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» поэзиялық байқауының жеңімпаздары Алексей Соболев пен Марина Филиппова Ұлы Жеңіске арналған өлеңдерін оқыды.
Көрме стендтерінде соғыс жылдарындағы мұрағат құжаттары, майдандық баяндамалар, фотосуреттер мен плакаттар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы оқиғаларының барысын көрсететін ресми үндеулер мен үкімет актілерінің мәтіндері қойылған.
Іс-шара тарихи естелікті сақтау, ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты нығайту, соғыс қаһармандары мен еңбеккерлеріне деген алғыс сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
Көрме 2025 жылдың 3 қарашасына дейін жұмыс істейді, кіру тегін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр