ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
28.11.2025, 12:00

Астана епархиясының ағартушылық комиссиясы «Византияның көркем мәдениеті» атты халықаралық жастар онлайн викторинасын өткізді

Астана епархиясының ағартушылық комиссиясы «Византияның көркем мәдениеті» атты халықаралық жастар онлайн викторинасын өткізді

23 қараша 2025 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының ағартушылық комиссиясы «Византияның көркем мәдениеті» атты халықаралық жастар онлайн викторинасын өткізді.

Зияткерлік сайыс христиан және араб-мұсылман әлемінің ұлы өркениеттерінің мұрасына арналған «Әлемдік көркем мәдениет» тақырыбымен біріктірілген православиелік жастарға арналған халықаралық викторинаның төрт ойынынан тұратын сериясын жалғастырды.

Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Ресей, Латвия елдерінен оқушылар мен студенттерден құралған құрама командалары қатысты. Іс-шараға барлығы 16 құрама қатысты.

Викторина Византия империясының сәулетіне, икондар кескіндемесіне және сәндік-қолданбалы өнеріне қатысты жиырма сұрақты қамтыды.

Зияткерлік турнирдің қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз және жүлдегер болып танылды.

1-орын

  • «Лучики» (Никольский шіркеуі, Тоншаево ауылы, Нижегородская обл., Ресей)
  • «Зёрнышки Веры» ( Рождества Пресвятой Богородица шіркеуі, Керчь қ., Ресей)
  • «Радость Веры» (Севастиано-Магдалининский шіркеуі, Петропавловск қ., Қазақстан)
  • «Новое поколение» (Вознесенский кафедралды соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
  • «Радонеж» (Бүкіл әулиелер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан)
  • «Агапэ» (Михаило-Архангельский шіркеуі, Павлодар қ, Қазақстан)
  • «Радость моя» (әулие Серафим Саровский шіркеуі, Байкент ауылы, Алматы обл., Қазақстан)

II орын

  • «Пересвет» (жексенбілік мектептердің құрама командасы Брянск қ., Ресей)
  • «Путеводная звезда» ЖМ (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
  • МК «Путеводная звезда» (Петропавл  соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
  • «Отроки» (Құдай Анасының Рождество соборы, Резекне қ., Латвия)
  • «Восток-Экспресс» (Владимирский шіркеуі, Шымалған ст., Алматы обл., Қазақстан)

III орын

  • «Малый Радонеж» (Бүкіл әулилер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан)
  • «Пересвет» (Михаило-Архангельский шіркеуі, Пресновка ауылы, Солтүстік-Қазақстан обл., Қазақстан)
  • «Ласточка» (Бүкіл әулилер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан)

Келесі «Вифлеем жолында»онлайн карусель 2025 жылдың 21 желтоқсанында өтеді. Зияткерлік турнирдің сұрақтары  «Православиелік интернет каруселі» веб-сайтында көрсетілген.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді