8 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Алматыдағы православиелік рухани семинариясының ғимаратында «Элеос-Мейірім» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунның жексенбілік мектептің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, теология ғылымдарының кандидаты протоиерей Евгений Иванов; тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Иоанн Ливинский; оқу жұмысы жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров; ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты А.П.Соловьев, библия-теология бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты иерей Олег Лисин; шіркеу-тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя; рухани мектептің шіркеу- тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты, диакон Владислав Пашков; шіркеу-тәжірибелік бөлімінің хатшысы, иеромонах Прохор (Ендовицкий), Алматы рухани семинариясының ғылыми қызметкері және оқытушысы протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының инспекторы иерей Евгений Бессонов; рухани мектеп канцеляриясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов, сырттай бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, ПРСА хор бөлімінің меңгерушісі В.В. Дударева, рухани мектеп канцериясының меңгерушісі иерей Александр Шишлов, шіркеу-тарихи бөлімінің хатшысы иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы архидиакон Роман Головин және рухани мектептің оқытушылар құрамының мүшелері.
Кездесудің басында протоиерей Евгений Иванов құттықтау сөзін сөйлеп, одан кейін жиналғандарға «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының директоры В.М. Капсамунды таныстырды. Валерий Михайлович оқытушылар құрамын семинария мен өзі басқаратын қайырымдылық ұйымының бірлескен жобаларының жүзеге асырылуы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында «Eleos-Meirim» қоры мен рухани мектеп арасындағы ынтымақтастықтың мақсаттары мен перспективалары талқыланды.
Кафедра меңгерушілері 2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы оқу бөлімшелерінің қызметі туралы хабарлады.
Кездесу соңында семинария ректоры протоиерей Евгений Иванов В.М. Капсамунға қордың рухан мектепке қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдірді және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр