ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
09.12.2025, 12:00

Қаскелең епископы Геннадий «Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің болашағы – келер дәуірдің мәндері мен құндылықтары» атты ХХХІ халықаралық конференцияға қатысты

Қаскелең епископы Геннадий «Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің болашағы – келер дәуірдің мәндері мен құндылықтары» атты ХХХІ халықаралық конференцияға қатысты

3-4 желтоқсан 2025 жылы Тунис астанасында халықтардың рухани бірлігінің Халықаралық қорының ұйымдастыруымен «Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің болашағы – келер дәуірдің мәндері мен құндылықтары» атты ХХХI халықаралық конференциясы өтті.

Ғылыми форумның тақырыбы «Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің болашағы – келер дәуірдің мәндері мен құндылықтары» болды.

Іс-шараны қор президенті, философия ғылымдарының докторы, Мәскеу мемлекеттік университетінің философия кафедрасының профессоры В.А. Алексеев және Африка Патриархының экзархы, Каир және Солтүстік-Африка митрополиті Константин басқарды.

Ғылыми форумға қатысқандар: жергілікті Православие Шіркеулерінің өкілдері, Африка, Таяу Шығыс және Венгрия Патриархалдық экзрхатының діни қызметкерлері, ұлттық парламенттердің депутаттары, қоғам және саяси қайраткерлер, ғалымдар мен публицистер.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиті округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өзінің бейне үндеуін жолдады.

Үндеуінде иерарх жаһанданудың қиындықтары және бұл идеологияның адамзат туралы православие ілімімен үйлеспейтіндігі туралы айтты.

Қаскелең епископ Геннадийдің бейне үндеуін төмендегі сілтемеден көруге болады:

https://drive.google.com/file/d/14m4IuscqbQ4NrhPN2zcpvh7DETx2S-F1/view

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді