20 желтоқсан, 2025 жыл. Алматы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Николай соборы жанындағы шіркеулік жиналыстар Залында XVI балалар шығармашылық «Рождестволық періште» фестивалі аясында ұйымдастырылған ертеңгілік өтті.
Іс-шараға Орталық жексенбілік мектептің кіші топ тәрбиеленушілері қатысты.
Ертеңгілік басталар алдында балалар Николай шіркеуінде өткен Құдайлық Литургия барысында Қасиетті Мәсіх Қүпияларына қатысты.
Жиналған қауымға мектеп директоры Галина Васильевна Черепанова құттықтау сөзін сөйледі.
Одан кейін кіші топ тәрбиеленушілері қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Балалар ән айтып, би билеп, хороводтар жүргізіп, шағын театрландырылған қойылымдар ұсынды.
Мерекелік бағдарламаның соңында әрбір қатысушы түрлі тәттілер салынған сыйлықтарға ие болды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр