16 қаңтар 2026 жыл. Алматы. Астанай және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Вознесенский кафедралды соборы жанындағы «Цевница» мектебінің тәрбиеленушілері балалар мен жасөспірімдерге арналған V Халықаралық шіркеулік ән айту олимпиадасының жеңімпаздары атанды.
Бүкілресейлік Патриарх, әулие Тихонның дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара 2025 жылғы 15 қараша мен 31 желтоқсан аралығында өтті. Олимпиада Мәскеу Синодалдық хорының Балалар бөлімшесі басшылығының бастамасымен және Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән айту өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу-қоғамдық кеңестің қолдауымен өткізілді. Олимпиада жас буынның шіркеулік ән айту өнеріне деген қызығушылығын арттыру, құдайлық қызметтік жарғыны, ән айту түрлері мен мәтіндерін, шіркеуславян тілін және қоңырау үні дәстүрінің ерекшеліктерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылды
Шығармашылық байқауға Ресей, Беларусь және Қазақстан елдерінен 850-ден астам бала қатысты. Байқау бір кезеңде, екі жас санаты бойынша, – балалар тобы (9–14 жас), жасөспірімдер тобы (15–20 жас), ьқашықтан форматта, шіркеулік мекемелер (жексенбілік мектептер, шіркеулік ән айту мектептері және т.б.) базасында ұйымдастырылды. «Цевница» мектебінің тәрбиеленушілері олимпиада тапсырмаларын оқытушылар Н.О. Головина мен И.В. Быкованың жетекшілігімен орындады. Қазылар алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша алматылық қатысушылар I дәрежелі лауреаттар атанды:
Балалар тобы
Жасөспірімдер тобы
Мәскеу Синодалдық хорының балалар бөлімшесі басшылығы тағайындаған арнайы жүлдені шіркеуславян құдайқызметтік стилистикасында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы, әулие Тихонға арналған канон тропарын жазудан тұратын шығармашылық тапсырманы орындағаны үшін Кулмаханова Нелли мен Быкова София иеленді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр