25 қаңтар 2026 жыл Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы «Араб-мұсылман әлемінің көркемдік мәдениеті» атты халықаралық жастарға арналған онлайн-викторинасын өткізді.
Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы ұйымдастырған онлайн-сайыс христиан және араб-мұсылман әлемінің ұлы өркениеттерінің мұрасына арналған «Әлемдік көркемдік мәдениет» атты төрт ойыннан тұратын серияны жалғастырды.
Викторина араб халықтарының сәулет өнері, жазу мәдениеті және сәндік-қолданбалы өнері бойынша жиырма сұрақты қамтыды.
Интеллектуалдық жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен мектеп оқушылары мен студенттерден құралған командалар қатысты.
Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ретінде төмендегі ұжымдар анықталды.
I орын
«Зёрнышки Веры» (Қасиетті Құдай Анасының Рождество храмы, Керчь қ., Ресей)
«Новое поколение» (Вознесенский кафедралды соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
II орын
«Радость моя» (Әулие Серафим Саровский храмы, Байкент ауылы, Алматы обл., Қазақстан)
«Чистые сердцем» (Ташкент қ., Өзбекстан)
«Путеводная звезда» ЖМ (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Путеводная звезда» ЖК (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
III орын
«Покров» (Қасиетті шейіт Елевферий Римский храмы, Степногорск қ., Ақмола обл., Қазақстан)
«Восток-Экспресс» (Владимир храмы, Шымалған ст., Алматы обл., Қазақстан)
«Радость Веры» (Севастиано-Магдалинин храмы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Кристалл» (Қасиетті кнәз Владимир храмы, Ақтөбе қ., Қазақстан)
«Вифлеем» (Қазан храмы, Петровка ауылы, Солтүстік Қазақстан обл., Қазақстан)
Этногеография мен діндер географиясына арналған «Елдер мен халықтар» атты келесі интернет-карусель 2026 жылғы 15 ақпанда өтеді. Интеллектуалдық турнирдің сұрақтары «Православие интернет-каруселі» сайтында жарияланған.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр