28 қаңтар 2026 жыл. Алматы.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы қаласында құрылып жатқан Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифтің (Чернов) мемориалдық үй-мұражайының қорлары жаңа экспонаттармен толықтырылып келеді.
Сенімі үшін азап шеккен, тақуалық жолындағы ерлігімен және діндар қауымның ерекше құрметіне ие болған әулие қарт-митрополитке тиесілі XX ғасырдың басындағы граммофон мен күйтабақтар жиынтығы мұражай қорына тапсырылды. Бұл қасиетті жәдігерлер Қазақстан Православие Шіркеуінің мәдениет жөніндегі комиссиясының төрағасы, Өскемен және Семей архиепископы Амфилохийдің қолында сақталған.
Митрополит Иосифтің (Чернов) мұражайы орналасқан мемориалдық үйдің тарихи ғимараты Алматы қаласындағы Әшімбаев көшесінде, Иверско-Серафимовский монастырінңң маңында орналасқан. Өткен ғасырдың 60–70-жылдары осы бір қабатты үйде Алматы епархиялық басқармасы жұмыс істеп, онда мәңгі есте қалатын әулие қарт-митрополит қызмет атқарып, өмір сүрген.
Бұл мұражай митрополит Иосифтің өмірі мен қызметінің ескерткіші ғана емес, сондай-ақ әділ архипастырдың рухани мұрасын зерттейтін маңызды ғылыми орталық болып табылады.
Астана және Алматы епархияларының өкілдері «БАҚ-тағы дін стереотиптерсіз көзқарас» конференциясына қатысты
Толығырақ
Митрополит Иосифтің (Чернов) мемориалдық үй-мұражайының музей қорлары жаңа экспонатпен толықты
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы марқұм архиепископ Серапионға (Колосницын) бағыштап лития жасады
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр