ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
11.02.2026, 19:00

«Православие сабақтары» – Қазақстан Митрополитік округінің «Семиречье» телестудиясының жаңа ағарту жобасы

«Православие сабақтары» – Қазақстан Митрополитік округінің «Семиречье» телестудиясының жаңа ағарту жобасы

11 ақпан 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Митрополитік округтің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, митрополит Иосиф (Чернов) атындағы сыйлықтың лауреаты В.Л. Посаднева) «Православие сабақтары» атты ағарту жобасын іске қосты.

Бағдарламаның жүргізушілері – Қазақстан Митрополитік округінің архипастырьлары мен дін қызметкерлері. «Православие сабақтары» бағдарламасында әрбір ниет білдіруші Қасиетті Жазба, богословие, шіркеу тарихы және литургика туралы ақпаратты түсінікті әрі қызықты форматта ала алады.

Бағдарламаның алғашқы шығарылымы 15 ақпанда өтеді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді