15 ақпан 2026 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы «Елдер мен халықтар» атты халықаралық жастар онлайн-викторинасын өткізді.
Іс-шара жыл сайын 15 ақпанда, Иеміз Құдайдың Сретение мерекесі күні атап өтілетін Халықаралық православие жастары күніне орай ұйымдастырылды.
Интернет-карусельге Қазақстан, Ресей және Латвия елдерінен мектеп оқушылары мен студенттерден құралған құрама командалар қатысты. Барлығы 17 команда (4 приходтық жастар клубы және 13 жексенбілік мектеп) бақ сынады.
Қашықтан өткізілген олимпиада сұрақтарына этногеография және діндер географиясы бойынша тапсырмалар енгізілді.
Интеллектуалдық жарыс екі кіші топта өтті: жексенбілік мектептер (қатысушылар жасы 17 жасқа дейін) және жастар клубтары (17 жастан жоғары).
Викторина қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
«Жексенбілік мектептер» кіші тобы.
I орын:
«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Благовест» (Благовещенский кафедралды соборы, Павлодар қ., Қазақстан)
II орын:
«Малый Радонеж» (Бүкіл Әулиелер храмы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Зернышки Веры» (Қасиетті Құдай Ана Рождество храмы, Керчь қ., Ресей)
«Вера, Надежда, Любовь» (Иверско-Серафимовский соборы, Екібастұз қ., Қазақстан)
«Радонеж» (Бүкіл Әулиелер храмы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Радость моя» (қасиетті Серафим Саровский храмы, Чапаев ауылы, Алматы облысы, Қазақстан)
«Отроки» (Құдай Ана Рождествосы кафедралды соборы, Резекне қ., Латвия)
III орын:
«Вифлеем» (Қазан храмы, Петровка ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан)
«Новое поколение» (Вознесенский кафедралды соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Щит веры» (архангел Михаил храмы, Новомихайловка ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан)
«Покров» (азап шегуші Елевферий Римский храмы, Степногорск қ., Ақмола облысы, Қазақстан)
«Лучики» (Никольский храмы, Тоншаево ауылы, Нижегород облысы, Ресей)
«Жастар клубтары» кіші тобы.
I орын:
«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
«Агапэ» (Михаило-Архангельский храмы, Павлодар қ., Қазақстан)
II орын:
«Восток-Экспресс» (Владимирский храмы, Шымалған ст., Алматы облысы, Қазақстан)
«Скиф» (Иверско-Серафимовский соборы, Екібастұз қ., Қазақстан)
Байқаудың сұрақтары мен жауаптары «Православная интернет-карусель» сайтында жарияланған. Келесі «Рухани көктем» викторинасы 2026 жылдың 15 наурызында өтеді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр