9 қыркүйек 2024 жыл. Жаркент қаласы, Жетысу облысы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Жаркент асиетті шейіті Василийдің үйі – мұражай-қажылық жасау орталығы жұмысын бастады.
Мемориалдық үй «Апостол» қоғамдық президенті Г.Г. Сосновскийдің бастамасымен құрылған.
«Апостол» қорының қызметкерлеріне «Қазақстанның алтын сақинасы» жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласынан мұражай орталығына қажылық-туристік маршрут әзірленген. Маршрут мемориалдық үйге, діни қызметкер Василий Колмыковтың шейіт болған жеріне және пасторлық сенімі үшін басқа зардап шеккендермен бірге жерленген көне зиратына баруды қамтиды. Сонымен қатар саяхатқа қатысушылар Республиканың киелі жерлерінің картасына енгізілген Қазақстанның ең ерекше және әсем жерлерінің бірі – Шарын каньонын тамашалай алады.
Саяхат жасау кезінде бойы қажылар мен туристерді тәжірибелі экскурсия жетекшілері алып жүреді.
Мұражай-үйде шейіт Василийдің өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей заттар, аймақтағы Православие тарихынан сыр шертетін заттар мен құжаттар ұсынылған. Көрмеде ерекше орынды Палех шеберлерінің қолымен ежелгі ең жақсы дәстүрінде жасалған әулиенің иконасы алады. Пастор-шейіттің бейнесі алдында әрбір адам бауырлары мен жақындарының амандығын тілей алады.
Қажылар күш-қуат жинап, әлденіп алуға арналған шіркеу дүкені мен асхана бар. Барлық тағамдар шіркеу ережелеріне сәйкес ораза және ораза емес күндерді ескере отырып дайындалады. Әр адам өзінің сапарын есте қалдыру үшін кәдесыйлар сатып ала алады.
Митрополит Александрдың батасымен «Апостол» қорының қолдауымен Жаркент қасиетті шейіті Василийдің өмірі мен ерліктері туралы шағын кітап жарық көрді, сонымен бірге әулиенің өзі бейнеленген иконалар шығарылды.
Қажылардың алғашқы тобы мұражай-үйді 7 қыркүйек күні аралады. Саяхатқа қатысушылар қажылықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және мемориалдық орталықта болған кездегі ерекше бейбіт атмосфераны атап өтті.
Қажылыққа барамын деушілерге байланыс телефон нөмірі: +7 777 504 18 43
Митрополиттік округ Басшысы алдағы Қасиетті Қырқыншы күн мейрамында «Преждеосвященных Даров» литургиясын атап өтті
ТолығырақАлматыдағы Вознесенский кафедралды соборындағы әулие Андрей Критскийдің тәубеге келу канонының екінші бөлімінің оқылымы
ТолығырақПетропавл епархиясында жыл сайынғы танымдық «Жаппай диктант» атты акциясы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Интересное место, и очень сильное духовно! Сам был и очень рекомендую
Интересное место, и очень сильное духовно! Сам съездил и рекомендую
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр