ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Кітаптар
17.09.2024, 16:40

Қазақстан православие шіркеуінің 2025 жылға арналған ресми үстелге қоятын күнтізбесі жарық көрді

Қазақстан православие шіркеуінің 2025 жылға арналған ресми үстелге қоятын күнтізбесі жарық көрді

Қазақстан митрополиттік округінің баспасы ресми күнтізбелік-ғибадат ету, сондай-ақ Қазақстандағы православие шіркеулері келесі жылға құлшылық ету күнтізбесі көрсетілген анықтамалық басылым мен анықтамалық бөлімдері дәстүрлі түрде біріктірілген - Қазақстан православие шіркеуінің 2025 жылға арналған күнтізбесін басып шығарды.

Бұл күнтізбе алдағы жылы Орыс Православие Шіркеуі мен Қазақстан Митрополиттік округі үшін бірқатар есте қаларлық күндер мен мерейтойлар атап өтілуіне байланысты шығарылып отыр. Алдағы 2025 жылы православиелік сенушілер құрметті  Ұлы Пименнің 1575 жылдығын, ең қасиетті Құдай Ананың Почаев белгішесінің пайда болуының 350 жылдығын және Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Әулие Тихонның 100 жылдығын дұға етіп еске алатын болады.

Алдағы жылы Қазақстанның православие шіркеуі - Қазақстан митрополиттік округінің канондық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл; Қазақстан жеріндегі бірінші иерарх архиепископ Зефанияның (Сокольский)  225 жылдығы; Алматы мен Қазақстанның митрополиті Николайдың тынығуының 70 жылдығы және жәдігерліктерінің 25 жылдығы; Алматы және Қазақстан митрополитінің діни мойындаушысы және тақуа Иосифтің (Чернова) 50 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтеді.

Күнтізбеде Орыс Православие Шіркеуінің дәстүріне сәйкес жылдың әр күні үшін қасиетті әулиелердің есімдерінің, Шіркеуде өткізілетін атаулы күндер мен мерекелердің Киелі жазбаларға сілтемелері бар атаулары, ең қасиетті Құдай Ананың құрметті бейнелерінің тізімдері, ауыз бекіту туралы нұсқаулар және ғибадат ету туралы қысқаша ескертулер қамтылған.

Анықтамалық бөлімде Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің архипастырлары мен епархиялары туралы мәліметтер, епископаттың толық байланыс ақпараты мен фотосуреттері; Қазақстан православие шіркеуінің жоғары діни оқу орны – Алматы православиелік діни семинариясы туралы ақпарат көрсетілген.

Орыс православие шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллдің портретімен ашылатын басылым жақсы үйлестірілген. Жоғары сапалы фотосуреттер Қазақстандағы шіркеу өміріндегі оқиғаларды және 2023-2024 жылдардағы Митрополит округі Басшысының қызметін айқын көрсетеді. Ең маңызды оқиғалардың қатарында құрметті шейіттер Серафим мен Феогносттың 30 жылдығын атап өтуі; Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу; Қазақстанға Құдай Ананың «Емші» ғажайып белгішесін әкелінуі; архимандрит Вианорды (Ивановты) Орал және Атырау епископы дәрежесіне тағайындауы көрсетілген.

Күнтізбелік мұқабаның 1-бетінде Атырау қаласындағы Құдай Ананың Иемізге қайтарылу құрметіне арналған кафедралды соборы бейнеленген.

Мұқабаның 3-ші беті Алматы қаласындағы Никольск соборынан Алматы және Қазақстан митрополиті Николайдың жәдігерліктері бар қабірдің фотосуретімен безендірілген.

Мұқабаның 4-ші бетінде Оңтүстік астанадағы Иверский-Серафим монастырінің Хритовасының қайта тірілу құрметіне арналған кішкентай шіркеудің фотосуреті – Ұлы дала апостолы, Түркістан және Ташкент архиепископы,  мәңгі есте қалатын Зефанияның (Сокольский)  жерленген орны бейнелеген.

Басылым Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен жүзеге асырылуда.

Күнтізбені шіркеу дүкендерінен сатып алуға болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді