29 тамыз 2024 жыл. Алматы православиелік діни семинариясында қабылдау емтихандары өтті.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқаратын аттестациялық комиссиясының құрамына: діни мектебі ректорының м.а. протоиерей Евгений Иванов, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, шіркеу-практикалық кафедрасының профессоры О.Н. Овчинников; тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, иерей Иоанн Ливинский; оқу ісі жөніндегі проректор, иерей Петр Бахтияров; ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев; Қазақстан Митрополиті округінің қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, шіркеудің ключары протоиерей Александр Суворов; Библиялық- богословиялық кафедра меңгерушісі, богословия ғылымдарының кандидаты иерей Олег Лисин; шіркеу тарихы бөлімінің меңгерушісі, протоиерей Александр Гайченя; шіркеу практикалық бөлімінің меңгерушісі В.П. Пашков; сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев; діни мектептің кеңсе меңгерушісі иерей Александр Шишлов; митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің бастығы, АПДС шіркеу регенті бөлімінің бастығы Л.Е. Горичева.
Қазақстан митрополиттік округінің епархияларынан келген пасторлық және региондық бөлімдерге үміткерлер орыс тілінен жазбаша емтихан тапсырып, музыкалық тыңдаудан өтті.
Жиын басында митрополиттік округ басшысы ұстаздар алдында құттықтау сөз сөйлеп, одан кейін протоиерей Евгений Иванов күн тәртібін хабарлады.
Содан кейін қабылдау комиссиясы үміткерлермен сұхбат жүргізді. Үміткерлер шіркеу славян тілін меңгергендігін, православиелік сенім негіздерін, таңғы және кешкі дұғаларды, он екі мерекелік тропарияларды және жалпы дұғаларды жатқа оқуды көрсетті.
Нәтижелерді жариялағаннан кейін Оның Мәртебелісі жаңадан қабылданғандарға архипастарлық ақ батасын беріп, студенттермен әңгімелесіп, семинария өміріндегі өзекті мәселелер талқыланған Ғылыми кеңес отырысына төрағалық етті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр