ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
12.10.2024, 17:00

Алматыда «Алматы күзі» фестивалі өтті

Алматыда «Алматы күзі» фестивалі өтті
12 қазан 2024 жыл. Алматы қаласы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Иверско-Серафимовский монастырінің аумағында «Алматы күзі» фестивалі өтті.
 
Іс-шара Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
 
Фестивальді ұйымдастырғандар: Қазақстан митрополиті округінің мәдениет басқармасы (басшысы – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері – Л.Е. Горичева) және Ресей Федерациясының оңтүстік астанадағы Бас консулдығының қолдауымен «Орыс үйі» қоғамдық ұйымы.
 
Салтанатты шараны Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.
 
Мерекеге қатысушылар: Алматы православиелік діни семинариясының ректоры м.а., Митрополит округі ақпарат бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов, Митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының басшысы иерей Георгий Сидоров, митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; Иверско-Серафимовский монастырының игумені Любовь (Якушкина); «Апостол» қоғамдық қорының президенті Г.Г. Сосновский, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан митрополиттік округі мәдениет бөлімінің басшысы Л.Е. Горичева;
 
Россотрудничествоның білім беру жобалар бөлімінің басшысы Т.В. Зубкова, Алматы діни семинариясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев; жексенбілік мектеп тәрбиленушілері мен Оңтүстік астанадағы шіркеулердің приходтары.
 
Фестивальдің құрметті қонағы Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Д.А. Тұраев болды.
 
Іс-шара басталар алдында Митрополиттік округ Басшысы жиналғандарға құттықтау сөзін сөйледі.
 
Мереке аясында іс-шараның жас және ересек қатысушылары үшін шығармашылық шеберлік сыныптар, Оңтүстік астананың музыкалық ұжымдарының қойылымдары, арт-терапиялық сабақтар ұйымдастырылды.
 
Монастырь аумағында сенушілер жергілікті шаруашылық учаскелерінен жаңа өнімдерді сатып алу үшін ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Барлығына тәтті тағамдар - кондитерлік өнімдер мен самауырыннан ыстық шай ұсынылды.
 
Митрополит Александр фестиваль қонақтарымен және мерекені ұйымдастырушылармен әңгімелесті. Жоғары Мәртебелі балаларға ізгі үміттерінің орындалуы мен қуанышты көңіл-күй тіледі.
 
Фестиваль түсірілімін «Семиречье» телестудиясы (директоры–еңбек сіңірген мәдениет қайраткер В.Л. Посаднева, оператор А. Шмидт) жүргізді; фотосуретке түсірген ақпарат бөлімінің қызметкері А.Халин.
 
Оқиғаны есте қалдыру мақсатында топтық сурет түсірілді.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді