ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
20.10.2024, 13:00

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында белгілі шіркеу регенттерінің шеберлік сабағы өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында белгілі шіркеу регенттерінің шеберлік сабағы өтті
19 қазан 2024 жыл. Алматы қаласы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников және Елохов қаласындағы Мәскеу Богоявленский кафедралды собор хорының регенті А.К. Майоровпен шеберлік сабағы өтті.
 
Іс-шара «Қазақстан Православие Шіркеуіндегі регренттік қызмет. Шеберлікке апаратын жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өткізілді.
 
Шығармашылық семинарға қатысқандар: Қазақстан митрополиттік округінің хоры және Қазақстан православ шіркеуі ғибадатханаларының регенттері.
 
Шеберлік сабақта белгілі шіркеу хорының жетекшілері хористермен бірге классикалық литургиялық жұмыстарды жүргізудің техникалық ерекшеліктерін және олардың практикалық қолданылуын қарастырды.
 
Сабақта Митрополитік округтің хор жетекшісі О.Н. Овчинников тыңдаушыларға литургиялық әндерді орындауға қатысты әдістемелік ұсыныстар берді. Маэстро репертуар таңдауда әншілердің вокалдық қабілеті мен музыкалық сауаттылығын объективті бағалауға негізделу керектігін ерекше атап өтті. Жұмыс соңында әйгілі шіркеу регенттері хорда өлең айтушылардың сұрақтарына жауап берді.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді