29 қазан 2024 жыл. Мәскеу қаласы. Кирилл мен Мефодий атындағы Жалпы шіркеулік аспирантура және доктарантурасында богословия ғылымдарының докторы, шіркеу тарихының докторы, теология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу диссертациясын дайындау мақсатында докторантураға кандидаттарды конкурстық іріктеуден өткізді.
Белгіленген мерзімде докторантураға түсуге Ресейдің Иерусалимдегі рухани миссиясынан; Мәскеу діни академиясынан; Алматы, Қазан, Пермь Тамбов және Саратов діни семинарияларынан, Солтүстік-Батыс университетінен (Санкт-Петербург), Курск мемлекеттік педагогикалық университетінен 10 ғалым өтініш берді.
Комиссия жұмысына қатысқандар: ЖШАД ректоры, профессор протоиерей Максим Козлов (төраға); ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, доцент Е.А. Пилипенко; ректордың кеңесшісі, профессор А.М. Пентковский; шіркеулік- практикалық пәндер кафедрасының басшысы, доцент иерей Михаил Желтов; докторантура бөлімінің басшысы, профессор протоиерей Алексий Марченко (хатшы); шіркеу тарихы және шіркеу құқығы кафедрасының меңгерушісі м.а., доцент Н.С. Семенов.
Диссертацияның толықтай жоспарларын бағалау, комиссияға ұсынылған материалдарды талдау, сондай-ақ комиссия жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша 8 үміткер ЖШАД докторантурасына түсуге ұсынылды. Олардың қатарында Мәскеудегі Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және София шіркеуі жанындағы Қазақстан митрополиттік округі өкілдігінің клиригі, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа) бар. Әке Агафангелдің шіркеу тарихының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «1927-1991 жылдардағы КСРО-дағы шіркеу-мемлекеттік қатынастар контекстіндегі Қазақстандағы архипасторлық қызмет» деп аталатын диссертациясының тақырыбы байқау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр