ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
06.11.2024, 15:00

Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдері «Балалар мен жастарға литургиялық және шіркеулік ән салу пәндерін оқыту әдістемесі» біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.

Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдері «Балалар мен жастарға литургиялық және шіркеулік ән салу пәндерін оқыту әдістемесі» біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.

24-26 қазан 2024 жыл. Мәскеу қаласы. Мәскеу рухани академиясында күндізгі қашықтықтан оқыту форматында «Балалар мен жасөспірімдерге литургиялық және шіркеулік ән пәндерін оқыту әдістемесі» балалар хоры ұстаздарының біліктілігін арттыру курстары өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Мәскеу Синодтық хоры мен Мәскеу рухани академиясының қосымша білім беру бөлімі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен қашықтан оқыту форматындағы білім беру форумына Қазақстан Митрополиті округінің өкілдері қатысты: Алатау кентіндегі Благовещенский шіркеуі жанындағы жексенбілік мектептің директоры Г.В. Гулиева, Алматы қаласының Әулие Параскева Пятница ғибадатханасындағы шіркеулік балалар хорының директоры Е.Н. Шамсутдинова, Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборы жанындағы «Цевница» шіркеу балалар хорының директоры Н.О. Головина, Ақжар ауылындағы Қасиетті Қүдай Ананың туған күнінің құрметіне арналған шіркеу регенті И.А. Белицкая.

Шеберлік сыныбының лекторлары мен жүргізушілері: Мәскеу Синодтық хорының директоры, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі А.А. Пузаков; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, өнертану ғылымының докторы Н.Ю. Плотникова; Гнесилар атындағы Ресей музыка академиясының профессоры В.И. Сорокин, «Литургия» оқулығының авторы және көпжылдық тәжірибесі бар оқытушы М.С. Красовицкая, Мәскеу Синодтық хорының балалар бөлімінің меңгерушісі Н.С. Асмус, Андрей Рублев атындағы Ежелгі орыс мәдениеті мен өнері орталық мұражайының ғылыми-әдістемелік жұмыс секторының меңгерушісі Д.В. Денисов, Синодтық литургиялық комиссияның хатшысы иерей Михаил Асмус.

Оқу барысында балалар мен жастарға шіркеулік- ән айту пәндерін оқыту әдістемесі; литургиялық жарғынығ тарихы мен құрылымы; гимнографиялық мәтіндердің әдеби құрылымы мен тілі; орыс шіркеу ән айту тарихы мен құрылымы; гимнография мен иконография арасындағы байланыс бойынша теориялық сабақтар жүргізілді. Бағдарламаның практикалық бөлігінде балалар хорында дыбыспен жұмыс жасау; аралас шіркеу хорында тепе-теңдікті сақтау және православие қоңырау үндерінің негіздері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Білім беру форумына Ресей, Беларусь, Қазақстан және Германиядан Орыс православие шіркеуінің 30 епархиясынан 122 өтінім келіп түсті. 116 адам курстарды сәтті аяқтады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді