16 қараша 2024 жыл. Алматы қаласы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана қаласындағы митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының тақ залында «Жібек жолындағы Шығыс христиандығы (П.П.Семенов-Тянь-Шанскийді еске алу)» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Ғылыми форум Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл және Қазақстан митрополиттік округінің канондық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл толуын мерекелеу аясында өтті.
Конференцияның мақсаты – Орталық Азиядағы орта ғасырлардағы христиан дінінің тарихы бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыру және талқылау.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімі, Алматы православиелік діни семинариясы, Қазақстанның Библия қоғамы, Қырғызстанның Библия қоғамы, Орыс географиялық қоғамы, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), Б.Джамгерчинов атындағы археология және этнография институты, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы.
Конференция жұмысын Алматы діни семинариясының ректоры м.а. протоиерей Евгений Иванов басқарды.
Ғылыми форумға қатысқандар: тәрбие жұмысы жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский, оқу ісі жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев; Қазақстан митрополиті округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, собордың кілтшісі протоиерей Александр Суворов; шіркеу тарихы бөлімінің меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя, Бішкек және Қырғыз епархиясының білім беру және катехиация бөлімінің басшысы протоиерей Андрей Кунавин; Алматы діни семинариясының инспекторы иерей Евгений Бессонов, Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің басшысы, АПРС регенттік бөлімінің басшысы Л.Е. Горичева; Орыс Географиялық Қоғамының Мәскеу бөлімшесінің мүшесі, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, өлкетанушы В.В. Руденко; PhD докторы, Алматы қаласының А.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының аға ғылыми қызметкері Б.А. Железняков; Қырғыз Республикасы Ұлттық тарих мұражайының Б.Джамгерчинов атындағы тарих, археология және этнология Институтының аға ғылыми қызметкері В.А. Кольченко; археолог, сәулетші, көне сәулет маманы, «RUTRUM» ЖШС ғылыми қызметкері Д.В. Сорокин; тарих ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының археология бөлімінің меңгерушісі О.Т. Доспанов; өнертанушы, PhD докторанты, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы Ғылым академиясы Өнертану институтының ғылыми қызметкері Е.В. Поторочина; тарих ғылымдарының кандидаты А.М. Камышев, Қазақстанның Библия қоғамы, сондай-ақ жақын және алыс шетелдегі филиалдарының басшылары мен қызметкерлері, Алматы Библия институтының оқытушылары мен студенттері; Алматы православиелік діни семинариясының оқытушылары мен студенттері, этномәдени және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ғылыми зиялы қауым өкілдері мен дінтанушылар.
Пленарлық отырысты аша отырып, протоиерей Евгений Иванов іс-шараның тарихи және рухани маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарды конференцияның басталуымен құттықтады. Рухани мектептің ректоры ғылыми форумға қатысушыларға Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың құттықтау сөзін оқып берді.
Бішкек және Қырғыз епархиясының білім беру және катехизация бөлімінің басшысы протоиерей Андрей Кунавин епархияның басқарушысы епископ Савватийдің құттықтауын жеткізді.
Қазақстанның Библия қоғамының атқарушы директоры В.И. Гришко жиналғандарға құттықтау сөзін сөйледі.
Пленарлық отырыста келесі баяндамалар ұсынылды:
-
«Петр Петрович Семенов Тянь Шанский, көнешығыс христиандықтың Жібек жолындағы тарихи-географиялық зерттеулерінің негізін қалаушы» - Мәскеу филиалының Орыс Географиялық Қоғамы мүшесі, гуманитарлық ғылымдарлың магистрі, өлкетанушы В.В. Руденко;
-
«Тарихи және археологиялық деректер бойынша Оңтүстік Қазақстанның ежелгі христиандығы» – PhD докторанты, Алматы қаласының А.Х. Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері Б.А. Железняков;
-
«Қырғызстандағы Красная-Речка (Новокет) ортағасырлық қалашықтағы христиан дінінің ескерткіштері» - Қырғыз Республикасы Ұлттық тарих мұражайының Б. Джамгерчинов атындағы тарих, археология және этнология Институтының аға ғылыми қызметкері В.А. Кольченко;
-
«Сулейман-Тепа» (Өзбекстан) және «Ілібалық» (Қазақстан) ортағасырлық христиан ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері» - археолог, сәулетші, ежелгі сәулет маманы, «РУТРУМ» ЖШС ғылыми қызметкері Д.В. Сорокин;
-
«Арал өңірі халықтары және Христиан Әлемі» - тарих ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Қарақалпақстан Республикасы И.В. Савицкий атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының археология бөлімінің меңгерушісі. О.Т. Доспанов;
-
«Ташкент облысы, Сырдарияның сол жағалауындағы Элактағы ортағасырлық христиан дінінің ізімен» – өнертанушы, PhD докторы, Өзбекстан Республикасы Өнертану академиясы Институтының ғылыми қызметкері Е.В. Поторочина;
-
«Қырғызстанда табылған көне христиандық белгілердің алуан түрлілігі» – тарих ғылымдарының кандидаты А.М. Камышев.
Баяндама соңында жиналғандар ұсынылған баяндамаларды талқылады, одан кейін көтерілген тақырыптар бойынша пікірталас өтті. Ғылыми форум соңында ұжымдық суретке түсті.
Конференцияны өткізудегі ақпараттық қолдауды Жетісу телестудиясы (директоры – мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер В.Л. Посаднева, оператор А. Шмидт) көрсетті; Суретке түсірген - ақпарат бөлімінің қызметкері А.Щеглов.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр