ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
22.11.2024, 20:00

Оңтүстік астанада «Түркістан архиепископы, Жетісудың ағартушысы Әулие Софониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православие оқулары» өтті

Оңтүстік астанада «Түркістан архиепископы, Жетісудың ағартушысы Әулие Софониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православие оқулары» өтті
22 қараша 2024 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік орталығы рухани, мәдени және мәдени орталықтардың тақ залында «Түркістан архиепископы, Жетісудың ағартушысы Әулие Софониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православие оқулары» өтті.
 
Қазақстан православие шіркеуінің бұл рухани-ағартушылық іс-шарасы ХХХІІІ Халықаралық Рождестволық оқу-ағарту оқуларының аймақтық кезеңі аясында өтті.
 
Ғылыми форумның тақырыбы – «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: ұрпақ жады және рухани тәжірибесі».
 
Конференцияның ұйымдастырушысы – Алматы православиелік діни семинариясы.
 
Астана епархиясының викарийесі, Талдықорған епископы Клавдианның төрағалығымен өткен Софоний оқуларына қатысқандар: Минск діни академиясының ректоры архимандрит Афанасий (Соколов); Алматы діни қауымының құрметті өкілі протоиерей Валерий Захаров, Құдай Ананың «Барлық қайғы-қасіреттің қуанышы» белгішесінің құрметіне арналған алматылық шіркеудің басшысы протоиерей Евгений Воробьев, Митрополиттік округтің білім беру және катехизация бөлімінің басшысы, Покровский приходының басшысы  протоиерей Евгений Бобылев; Вознесенский соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Алматы діни семинариясының ректоры м.а. протоиерей Евгений Иванов, Орынбор православиелік рухани  семинариясының ректоры иерей  Петр Панов, Минск рухани семинариясының сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры иеромонх Агафангел (Будишин), Алматы православиелік рухани семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Иоанн Ливинский, АПРС оқу ісі жөніндегі проректоры иерей  Петр Бахтияров, АПРС ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев; Қазан епархиясының миссионерлік бөлімі басшысының орынбасары, Қазан федералды университетінің дінтану кафедрасының оқытушысы иерей Александр Данилов; библия – теологиялық бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты иерей Олег Лисин; шіркеу-тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя, АПРС регенттік бөлімінің басшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Л.Е. Горичева; Шіркеу-практикалық кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты В.П. Пашков; Минск рухани  семинариясының баспасөз хатшысы А.А. Ефименко, рухани мектептің кеңсе меңгерушісі иерей Александр Шишлов, Алматы православиелік рухани  семинариясының сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, тарих ғылымдарының кандидаты (PHD) В.С. Осколков; оңтүстік астана шіркеулерінің діни қауымы, оқытушылар корпорациясының мүшелері мен семинария студенттері, теологиялық - миссионерлік факультетінің білім алушылары, Алматы қаласындағы жексенбілік мектептердің оқытушылары мен студенттері, тарихшылар, өлкетанушылар.
 
Талдықорған епископы Клавдиан Пленарлық отырысты аша отырып, жиналғандарды Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының атынан сөз сөйледі.
 
Протоиерей Евгений Иванов жиналғандарды конференцияның басталуымен құттықтап, іс-шараның тарихи және рухани маңыздылығын атап өтті. Рухани мектептің ректоры Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс естелігін сақтаудың рухани мәні» атты баяндамасын оқыды.
 
Ғылыми форумның құрметті қонағы Минск рухани семинариясының ректоры архимандрит Афанасий (Соколов) Софонии оқуларына қатысушыларға бүкіл Беларусь Патриархы Экзархы, Минск және Заславль митрополиті Вениаминнің атынан құттықтау сөзін жеткізді. Одаан кейін  Афанасий әке «1847-1848 жж. Могилев епархиясындағы архимандрит Софонии (Сокольский) еңбектері» тақырыбында баяндама жасады.
 
Ректор Оренбургской духовной семинарии иерей Петр Панов и проректор по внешним связям Минской духовной семинарии иеромонах Агафангел (Будишин) обратились с приветственными словами к присутствующим.
 
Пленарлық отырыста баяндамалар оқығандар:
 
  • «Орынбор православиелік рухани семинариясының мұсылман діни ұйымдарымен өзара іс-қимылы» - Орынбор діни семинариясының ректоры иерей Петр Панов;
  • «Орыс Православие Шіркеуінің Қазан епархиясының миссионерлік бөлімінің жұмысы: тәжірибесі мен перспективалары» – Қазан епархиясы миссионерлік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазан федералды университетінің дінтану кафедрасының оқытушысы иерей Александр Данилов;
  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мен дінаралық диалогтың даму ерекшеліктері» - шіркеу-практикалық кафедрасының оқытушысы және рухани семинарияның заңгері Г.А. Жевлаков.
 
Үзілістен кейін конференция өз жұмысын үш тақырыптық секцияда жалғастырды: «Теологиялық және шіркеу-қолданбалы зерттеулері», «Христиан дінінің тарихы» және «Шіркеу өнері».
 
«Теологиялық және шіркеу-қолданбалы зерттеулері» секциясы (жүргізуші – иерей Олег Лисин; бірлескен жүргізушісі – оқырман Владислав Петрович Пашков):
 
  • «Әлсіз теология: XXI ғасырда Құдай туралы қалай айтуға болады?» – теология кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымының кандидаты иерей Олег Лисин;
  • «XX-XXI ғасырлар тоғысында Ресейде «жас-кәрілер» феноменінің таралуының алғышарттары мен себептеріне қысқаша шолу» - АПРС шіркеу-практикалық бөлімінің меңгерушісі, теология ғылымының кандидаты Владислав Петрович Пашков;
  • «Ақпараттық кеңістіктегі заманауи уағыздың өзекті мәселелері» - Минск рухани семинариясының баспасөз хатшысы Антон Александрович Ефименко;
  • «Ақылға иесі және құтқарылушы адам: інжілдік баяндау мен ғылыми деректерді сәйкестендіру мәселесі бойынша» - ғылыми қызметкер, Алматы рухани семинариясының оқытушысы протоиерей Александр Суворов;
  • «Күнделікті таңғы ғибадаттың ең маңызды бөліктерін (Шестопсалмия) оқудың заңдық ерекшеліктері туралы» - АПРС шіркеу-практикалық кафедрасының оқытушысы игумен Владимир (Утегенов);
  • «Агапеден Студит монастыріне дейін» дәрежеге тағайындау қалыптасуының қысқаша сипаттамасы» - Алматы рухани семинариясының шіркеу-практикалық бөлімінің оқытушысы диакон Иоанн Чуркин;
  • «Орыс Православие Шіркеуінің жасанды интеллектке көзқарасы» – AПРС зерттеушісі диакон Рустик Якупов;
  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мен дінаралық диалогтың даму ерекшеліктері» - шіркеу-практикалық кафедрасының оқытушысы және рухани семинарияның заңгері Г.А. Жевлаков.
«Христиан дінінің тарихы» секциясы  (жүргізуші – протоиерей Александр Гайченя):
  • «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстандағы шіркеу-мемлекеттік қатынастар». – Алматы рухани семинариясының м.а.ректоры протоиерей Евгений Иванов;
  • «Митрополит Иосиф (Чернов) – Қазақстан кафедрасындағы дұға кітабы және бітімгері» - АПРС шіркеу-тарихы бөлімінің меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя;
  • «Әулие Софониді (Сокольский) епископ етіп тағайындаудағы архиерейі: оқытушылар, студенттер, жерлестер және курстастар» - Алматы рухани семинариясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Артем Павлович Соловьев;
  • «Прокопий Кесарийский хабарлауы бойынша VI ғасырдағы Византия империясындағы еретикалық ағымдарына қатынасы» - Алматы рухани семинариясының ғылыми қызметкері, Оңтүстік астананың Каспий қоғамдық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ассоциациялық профессоры Владимир Сергеевич Осколков;
  • «Төңкеріске дейінгі дәуірдегі Петропавл қаласындағы шіркеулер тарихындағы қайырымдылық» – АПРС ғылыми қызметкері иерей Михаил Березин;
  • «Түркістандық әулие Софонии (Сокольский) уағызшы ретінде» – Алматы рухани семинариясының шіркеу тарихы кафедрасының оқытушысы және хатшысы иерей Георгий Сидоров;
  • «ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазіргі Қазақстан аумағындағы жер аударылған діни қауымды қамтамасыз ету ерекшеліктері» - Алматы рухани  семинариясының шіркеу- тарихы кафедрасының оқытушысы иерей Кирилл Фрейганг;
  • «1906-1917 жж. аралығында Верный қаласындағы православиелік ағарту. (Түркістан епархиялық газетінің материалдары негізінде)» – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.
«Шіркеу өнері» секциясы (жүргізушісі – Горичева Лариса Егоровна):
  • «Шіркеу ән мектебінің қалыптасуына вокалдық және орындаушылық әншілік тәжірибенің әсері» - Алматы рухани семинариясының регенттік бөлімінің вокал мұғалімі Ахметова Светлана Жақсылыққызы;
  • «Белгішенің алғашқы суреттері. Шіркеу өнерінің дамуы» - «Малахит» белгіше-сурет шеберханасының басшысы,  Алматы рухани семинариясының оқытушысы диакон Андрей Плетень;
  • «Шіркеу өнерін дамыту, зерттеу және оқыту мәселелері» атты секциялық дөңгелек үстел (Алматы рухани семинариясының регенттік бөлімінің оқытушыларының қатысуымен).
Сөз соңында спикерлерге Әулие Софониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқуларының сертификаттары табыс етілді.
 
Іс-шара соңында жиналғандар ұсынылған баяндамаларды талқылап, конференцияның қорытындысын шығарды.
 
Ғылыми форумға 100-ден астам адам қатысты.
 
Конференцияны өткізуде ақпараттық қолдауды  Жетісу телестудиясы (директоры – мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер В.Л. Посаднева, оператор А. Шмидт) көрсетті; фотожазбаны жасаған- ақпарат бөлімінің қызметкері А.Халин.
 
23 қарашада оңтүстік астанадағы Никольск соборындағы шіркеу мәжіліс залында «Православиелік педагогика» секциясы өтеді, оның жұмысын Қазақстан митрополиттік округінің істері жөніндегі басшысы Қаскелең епископы Геннадий басқарады.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді