23 қараша 2024 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығында Алматы православиелік рухани семинария ректорының міндетін атқарушы протоиерей Евгений Иванов пен Орыс Православие Шіркеуінің рухани оқу орындарынан келге Софони оқуларына қатысушылар арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Минск рухани академиясының ректоры архимандрит Афанасий (Соколов), Орынбор православиелік рухани семинариясының ректоры иерей Петр Панов, Минск рухани семинариясының сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры иеромонах Агафангел (Будишин), Қазан епархиясының миссионерлік бөлімі басшысының орынбасары, Қазан федералды университетінің дінтану кафедрасының оқытушысы иерей Александр Данилов; Минск рухани семинариясының баспасөз хатшысы А.А. Ефименко.
Әңгімелесуге қатысушылардың қатарында Алматы православиелік рухани семинариясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский және АПРС оқу ісі жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев, библиялық -теологиялық кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымының кандидаты діни иерей Олег Лисин; шіркеу-тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя, шіркеу-практикалық кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымдарының кандидаты В.П. Пашков; Митрополиттік округі басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, рухани мектеп кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов, Митрополиттік протокол қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, Алматы православиелік рухани семинариясының оқытушылар корпорациясының мүшелері.
Қонақтарды қарсы ала отырып, протоиерей Евгений Иванов оларға Алматыға келгендері және Оңтүстік астанада жыл сайын өткізілетін ағартушылық іс-шарасы - Софони оқуларына қатысқандары үшін алғысын білдірді. Рухани мектеп ректоры Минск рухани мектептерінің, Орынбор және Қазан рухани семинарияларының ғылыми және білім беру қызметін жоғары бағалап, академиялық, конфессияаралық және азаматтық диалогты жүргізу үшін осы беделді алаңдардың маңыздылығын атап өтті.
Протоиерей Евгений Иванов мәртебелі қонақтарға Республика заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы бар Қазақстан Православие Шіркеуі үшін кадрлардың негізгі көзі – Алматы рухани семинариясының қызметі туралы айтып берді.
Әңгіменің маңызды тақырыптарының бірі Ресей, Беларусь және Қазақстанның рухани мектептері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау болды.
Рухани оқу орындарының басшылары Евгений әкеден Астана және Қазақстан митрополиті Александрға жылы қабылдауы үшін алғыстарын жеткізуді сұрап, Софони оқуларының лайықты деңгейде өткенін атап өтті.
Жұмыс кездесуі аяқталғаннан соң ғалымдарды Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Митрополит хорының регенті, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников қарсы алды.
Олег Николаевич мәртебелі қонақтарға Алматы рухани семинариясы ұйымдастырған ғылыми форумға қатысқандары үшін алғысын білдірді. Митрополиттік округтің хатшысы қонақтармен Қазақстандағы Православие Шіркеуінің тыныс-тіршілігі туралы ақпаратпен бөлісіп, биылғы жыл елдегі діни сенушілер үшін ерекше күн – Астана мен Алматы епархияларының құрылғанына 25 жыл толғанын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар ізгі тілектер мен естелік сыйлықтармен алмасып, содан кейін қонақтар Иверско-Серафим әйелдер монастырының ғимаратына бет алды, онда олар ардақты ана игумен Любовьпен тілдесті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр