ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
26.11.2024, 10:10

Алматыдағы Никольск соборындағы шіркеу мәжіліс залында XXII Софони оқуларының «Православиелік педагогика» секциясының жұмысы өтті

Алматыдағы Никольск соборындағы шіркеу мәжіліс залында XXII Софони оқуларының «Православиелік педагогика» секциясының жұмысы өтті
23 қараша 2024 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Никольск соборындағы шіркеу мәжіліс залында Әулие Софониды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары аясында "Православиелік педагогика" секциясының жұмысы өтті.
 
Кездесудің модераторы Астана епархиясының викарийесі, Қазақстан Православие Шіркеуінің істері жөніндегі басшысы, Алматы рухани семинариясының пасторлық бөлімінің оқытушысы, теология ғылымдарының кандидаты, Қаскелең епископы Геннадий болды.
 
Конференцияның қатысушылары мен қонақтары: Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет басқармасының басшысы, рухани мектептің регенттік бөлімінің меңгерушісі Л.Е. Горичева; Оңтүстік астананың Никольск соборындағы Орталық жексенбілік мектебінің директоры Г.В. Черепанова, Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет бөлімінің қызметкерлері, Орталық жексенбілік мектебінің әкімшілігі мен ұстаздары, епархия жексенбілік мектептерінің жетекшілері мен ұстаздары, Алматы православиелік рухани семинариясының регенттік бөлімінің студенттері.
 
Ғылыми форумды аша отырып, епископ Геннадий құттықтау сөзін сөйледі.
 
Секция отырысында келесі баяндамалар тыңдалды:
  • "Православиедегі  К.Д. Ушинскийдің педагогикалық идеялары" – Қазақстан православие шіркеуінің істерін басқарушы; Қаскелең епископы Геннадий.
  • "Педагогические идеи К.Д. Ушинского в свете Православия" – управляющий делами Православной Церкви Казахстана епископ Каскеленский Геннадий;
  • "Тұлғалық дамудағы шығармашылықтың маңыздылығы туралы" - Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова;
  • "Жексенбілік мектептердегі практикалық жұмыста шіркеу өнерімен таныстыру арқылы православиелік христианның (азаматтың, патриоттың) тұлғасын тәрбиелеу" - Алматы Вознесенский соборындағы "Цевница" шіркеу ән мектебінің жетекшісі Н.О. Головин;
  • "Жексенбілік шіркеу-қауымдық мектебінде құқықтық пәндерді оқытудың негізгі принциптері мен әдістері" - Қасиетті апостол және евангелист Иоанн Богослова шіркеуінің шіркеу-қауымдық мектебінің меңгерушісі И.В. Быкова.
Сөз сөйленгеннен кейін конференцияға қатысушылар ұсынылған баяндамаларды талқылап, секция жұмысын қорытындылады.
 
Іс-шара соңында Алматы қаласындағы Вознесенский соборының жанындағы "Цевница" шіркеу ән мектебінің оқушылары шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді