ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
29.11.2024, 18:00

Халықаралық «Елдер мен халықтар. Греция» интернет-каруселі өтті

Халықаралық «Елдер мен халықтар. Греция» интернет-каруселі өтті
24 қарашада 2024 жылы  Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының ағартушылық қызмет ету комиссиясы «Елдер мен халықтар. Греция» халықаралық интернет-каруселін өткізді. 
 
Байқау Сербия мен Черногориядағы, Грециядағы, Мексикадағы, Оңтүстік Африкадағы, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Кореядағы христиан дініне арналған «Елдер мен халықтар» тақырыбымен біріктірілген жастардың бес онлайн-викториналық ойындарының сериясын жалғастырды.
 
Зияткерлік сайысқа Қазақстан, Ресей және Литва елдерінен оқушылар мен студенттердің құрама командалары қатысты. Іс-шараға барлығы 20 құрама командасы  қатысты (14 жексенбілік және орта мектептер мен православиелік гимназиялардан және 6 приходтық жастар клубтарынан).
 
Викторина сауалнамасы Қасиетті Афон тауының тарихына, сондай-ақ Грек Республикасының мәдениетіне, қоғамдық-саяси өмірі мен тарихи мұрасына қатысты жиырма сұрақты қамтыды.
 
Интернет-карусель екі шағын топта өтті: жексенбілік мектептер (17 жасқа дейінгі балалар) және жастар клубтары (17 жастан асқан жастар).
Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша келесі командалар жеңімпаз және жүлдегерлер атанды.
«Жексенбілік мектептер» шағын тобы
 
I орын
  • «Радость моя» (қас.Серафим Саровский ғибд., Чапаев ауылы, Алматы обл., Қазақстан)
  • «Анастасис» (Михайлоархангельский шіркеуі, Павлодар қ., Қазақстан)
  • «Радость Веры» (Севастиан-Магдалининский ғибд.,Петропавл қ., Қазақстан)
  • «Лучики» (Никольский шіркеуі, Тоншаев ауылы, Нижний Новгород облысы, Ресей)
  • «Зёрнышки Веры»(жексенбілік мектептер құрамасы, Керчь қ.,, Қырым Республикасы)
  • «Доброхоты» (орталық жексенбілік мектеп, Никольский соборы, Алматы қ.)
  • «Пересвет» (жексенбілік мектептер құрамасы, Брянск қ., Ресей)
ІІ орын
  • «Лествица» (Әулие Александр Невский шіркеуі, Керчь қ., Қырым Республикасы)
  • «Радонеж» (Бүкіл әулиелер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан)
ІІІ орын
  • «Малый Радонеж» (Бүкіл әулиелер шіркеуі, Петропавл қ., Қазақстан)
  • «Кристалл» (Владимировский шіркеуі, Ақтөбе қ., Қазақстан)
  • «Новое поколение» (Вознесенский кафедралы соборы, Петропавл қ., Қазақстан)
 
«Жастар клубтары» шағын тобы
 
I орын
  • «Галилея» (Петербордағы Қасиетті Ксения шіркеуі, Конаев, Қазақстан)
  • «Агапе» (Әулие Михаил Архангел шіркеуі, Павлодар, Қазақстан)
  • «Галилея» ( Қасиетті Ксения Питербургская шіркеуі, Конаев қ., Қазақстан)
  • «Агапэ» (Михайлоархангельский шіркеуі, Павлодарқ., Қазақстан)
  • «Farmaprim SRL» (молдовалық фармацевтикалық компанияның өкілдігі, Алматы қ., Қазақстан)
ІІ орын
  • «Невская симфониясы» (Әулие Александр Невский шіркеуі, Керчьқ., Қырым Республикасы)
ІІІ орын
  • «Якорь» (Покрово- Никольский шіркеуі, Клайпеда қ., Литва)
  • «Восток-Экспресс» (Владимирский шіркеуі, Шамалған станциясы, Алматы облысы, Қазақстан)
Келесі «Елдер мен халықтар. Мексика» интернет-каруселі 2024 жылдың 8 желтоқсанында өтеді. Зияткерлік турнирдің сұрақтары “Православиелік интернет-каруселі” сайтында.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді