6 желтоқсан 2024 жыл. Алматы.
Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Владимир Ростиславович Мединский - Қазақстанның тарихи және рухани інжу-маржаны – Вознесенский кафедралы соборына келді.
Құрметті қонақты Оңтүстік астананың бас шіркеуінде Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қарсы алды.
Отырысқа қатысқандар: Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Әбдіқадыров, Ресей Федерациясының Оңтүстік астанадағы Бас консулы Д.С. Тураев; Вознесенский соборының діни қызметкері, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, протоиерей Александр Суворов; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин.
Митрополит Александр Владимир Ростиславовичке Вознесенский соборының құрылысы тарихын айтып, биыл оның бой тұрғызғанына
120 жыл толатынын баса айтты. Жоғары Мәртебелі соборды құру кезінде талантты сәулетші - инженер А.П. Зенков жобасы бойынша сол дәуір үшін инновациялық технологиялар мен сейсмикалық төзімділік принциптері қолданылғаны, соның арқасында 1911 жылғы Верный қаласындағы ғимараттардың 90% қираған қорқынышты жер сілкінісінен собор аман қалғандығы туралы деректі дәлелдемелерімен бөлісті.
Әңгіме барысында иерарх Оңтүстік астананың қазіргі өміріндегі ғибадатхананың тарихи рөлі мен маңызын атап өтіп, собордың «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы бойынша Қазақстанның 100 ұлттық киелі нысаны тізіміне енгізілгенін айтты.
Экскурсия барысында архипастор 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО, Ресейден, Сербиядан, Италиядан, Германиядан және Франциядан келген жергілікті ғалымдар мен жоғары деңгейдегі мамандардың қатысуымен жүргізілген ғибадатхананың толық көлемдегі
кәсіби қалпына келтіру жұмыстарының егжей-тегжейіне тоқталды. Архипастордың айтуынша, елдің визиттік картасы - бірегей тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіруде озық технологиялар мен жоғары сапалы заманауи материалдар пайдаланылған.
Елордалық округ басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев соборды аралау кезінде бұл ауқымды қалпына келтіру жобасын жоғары бағалап, оны «Қазақстанның ұлттық киелі мекенінің екінші рет дүниеге келуі» деп атағанын хабарлады.
В.Р. Мединский ғибадатхананың сыртқы келбетінің сымбаттылығы мен керметтілін және Ресей суретшілер Одағының мүшесі В.К. Курилов
жетекшілігімен дарынды палех изографтары салған суреттермен безендірілген интерьерлердің әсемдігін атап өтті.
Митрополит Александр қазіргі заманғы изографтар собордың интерьерін безендірумен айналысқан - Алматыдағы мемлекеттік өнер мұражайына аты берілген, қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қостеевтің ұстаздарының бірі, атақты икондық суретші және суреткер
Николай Гаврилович Хлудовтың эскиздерін пайдаланғанын айтты.
Митрополиттік округ басшысы Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісімен Мәскеу және Бүкіл Ресей Қасиетті Патриархы Кириллдің 2010 және 2012 жылдары Астана мен Алматыға жасаған сапары туралы естеліктерімен бөлісті. Митрополит экскурсияға қатысушыларға Орыс Православие Шіркеуінің Басшысының Вознесенский соборының сенушілерге қайтарылуының 25 жылдығына арналған сыйлығы - «Иеміз Иса Мәсіхтің қолмен жасалмаған бейнесі» белгішесін көрсетті.
Ғибадатхананың тағы бір қасиеттілерінің алдында -
Ең Қасиетті Құдай Анасының Алматылық Феодоровский бейнесі,«мера в меру» дәл тізімі, Аспан Патшайымы ғажайып бейнесінің алдында - В.Р. Мединский шырақтарды жақты.
Ғибадатханаға сапарының кәдесыйы ретінде қонаққа Вознесенский кафедралы соборы туралы альбом, оның суреті бейнеленген көркем түрде жасалған ескерткіш тақта, митрополит Александрдың ғылыми еңбегі – «Орталық Азиядағы Христиандықтық Тарихы» кітабы және Қазақстан Рравославие Шіркеуінің 2025 ж. арналған күнтізбесі сыйға тартылды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр