20 ақпан 2026 жыл. Астана. Елорда әкімдігінде Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекпен кездесуі өтті.
Кездесуге Астанай шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы мегаполис басшысына Богоявление мерекесінде Есіл өзенінде дәстүрлі шомылу рәсімдерін ұйымдастыруға қалалық қызметтердің көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Аталған іс-шараға жыл сайын ұлты мен діни ұстанымына қарамастан мыңдаған елорда тұрғындары қатысады. Әңгіме барысында тараптар Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Православие – мемлекет аясындағы болмысымыздың ажырамас бөлігі, ол жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлердің бай алуандығын сақтауға қызмет етеді» деген сөзін келтірді.
Кездесу барысында Астананың тек саяси және экономикалық астана ғана емес, елдің маңызды рухани және мәдени орталығы әрі Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жетістіктерінің символы екені атап өтілді. Қалада ұлтаралық қатынастар мен әртүрлі діндер мен халықтар өкілдерінің ынтымақтастығына арналған ірі форумдардың бірнеше рет өткізілуі мегаполистің айрықша рөлін айғақтайды.
Елорда әкімі митрополит Александрға алдағы референдумға дайындық аясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кеңестер мен сараптамалық кездесулердің өтіп жатқаны жөнінде ақпарат берді. Тараптар бұл референдумның қазақстандық қоғам өмірі мен Республика дамуының келешегі үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Митрополит Александр Ж.М. Қасымбекке Астана епархиясы мен елордалық құрметті өкілдік өміріндегі ағымдағы оқиғалар туралы, соның ішінде Митрополиттік округтің рухани-мәдени орталығында өткен Православие жастары күніне арналған бүкілқазақстандық жастар балы жөнінде баяндады.
Кездесу барысында Астана епархиясы мен Астана қаласы әкімдігінің қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды сақтау мен нығайту ісіндегі өзара ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.
Достық ахуалда өткен кездесу соңында тараптар бір-біріне денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.
Алматыда белгілі шіркеулік регент Е.С. Тугариновтың шеберлік сабағы өтті
Толығырақ
Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы мен Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек елорданың рухани, мәдени және қоғамдық өміріне қатысты мәселелерді талқылады
Толығырақ
Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Ватиканның Елшісі, архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр