26 ақпан 2026 жыл. Алматы. Қалалық әкімдікте Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Оңтүстік астананың әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдымен кездесуі өтті.
Атқарушы билік басшысы мен архипастырь Оңтүстік астананың өміріндегі өзекті оқиғаларды талқылады. Атап айтқанда, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумның маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды. Әкімнің айтуынша, «жаңа Конституция жобасы егемендік пен тәуелсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, ұлттық бірлікті дамытуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған».
Дархан Амангелдіұлы митрополит Александрды Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың қабылдауындағы кездесудің нәтижелерімен таныстырды. Кездесу барысында Алматы қаласын одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берілген. Әкім Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың қатарында экономиканы әртараптандыру, экологиялық жағдайды жақсарту, тұрақты көлік және туристік инфрақұрылымды дамыту, қолайлы қалалық орта қалыптастыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бар екенін атап өтті.
Кездесу барысында қала әкімі мегаполистің мәдени-туристік кластерін дамыту және діни нысандарды танымал туристік маршруттар бағдарламаларына енгізу жөніндегі міндеттердің шешілуі туралы айтты. Оның сөзінше, мегаполистің экономикалық дамуы оның туристік тартымдылығының өсуімен тығыз байланысты. Осы мақсатта Алматыда жыл сайын әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларды, келу мақсаттарын және болу ұзақтығын қоса алғанда, мақсатты аудиторияны тереңірек зерделеуге мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізіледі.
Митрополит Александр Д.А. Сатыбалдыға Алматы епархиясының өмірі туралы баяндап, приходтар мен дін қызметкерлерінің саны жөнінде статистикалық мәліметтер келтірді, Алматы православиелік рухани семинариясының қызметі туралы хабарлап, ағартушылық, мәдени, жастар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен бөлісті.
Митрополит Алматының басты ғибадатханасы — Вознесенский кафедралды соборының 2017–2020 жылдары жүргізілген ауқымды кәсіби қалпына келтіру жөнінде әңгімеледі. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және ЮНЕСКО-ның бақылауымен, Қазақстан, Ресей, Сербия, Италия, Германия және Франция елдерінен шақырылған жоғары деңгейлі мамандардың қатысуымен атқарылғаны атап өтілді. Иерарх Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаев соборға сапары кезінде жүзеге асырылған жобаны «жалпықазақстандық қасиетті орынның екінші жаңғыруы» деп атағанын жеткізді.
Қазіргі уақытта ғибадатхананы көркейту жұмыстары - ойылған алтын жалатылған киоттар жасалуда, сапалы шіркеулік утварь алынуда, жаңа иконалар жазылу жалғасып жатқанын айтты.
Кездесуге қатысушылардың ортақ пікірінше, Қазақстанның «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасының «жалпыұлттық маңызы бар 100 киелі нысан» тізіміне енгізілген Вознесенский кафедралды соборы көптеген қажылар мен туристерді тартатын орын болып табылады. Рухани інжу-маржан саналатын бұл нысанның тарихы мен қазіргі өмірімен мемлекет басшылары, дипломатиялық миссия өкілдері, корольдік әулет мүшелері, министрлер, әлемдік діндер көшбасшылары және белгілі ғалымдар үнемі танысады.
Иерарх Д.А. Сатыбалдыға ғибадатхана аумағы мен собор үйін абаттандыруға қатысты сенушілердің өтініштері мен тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер қарастырылды. Қалалық әкімдік пен Алматы епархиясының қала тұрғындарының рухани-адамгершілік негіздерін нығайту, мәдени және тарихи мұраны сақтау ісіндегі ынтымақтастығы талқыланды.
Атқарушы билік пен республиканың жетекші дәстүрлі конфессиялары — Ханафи мәзһабындағы Ислам және Православие христиандық өкілдерінің конструктивті диалогы мегаполисте конфессияаралық татулық пен ұлтаралық келісімді сақтаудың басты шарты болып табылатыны, ал бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі екені атап өтілді.
Кездесу соңында Митрополиттік округ басшысы әкімге Қазақстандағы Православие туралы баяндайтын кітаптарды сыйға тартты. Сыйға берілген басылымдардың қатарында Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборы мен оның ғылыми қалпына келтірілуі туралы иллюстрациялық альбом да бар.
Жылы әрі достық жағдайда өткен әңгіме соңында митрополит Александр мен Дархан Амангелдіұлы бір-біріне денсаулық және еңбектеріне табыс тіледі.
Ұлы посттың бірінші аптасында әулие Андрей Критскийдің тәубе канонын оқу аяқталды
Толығырақ
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдымен кездесу өтті
Толығырақ
Ұлы посттың бірінші аптасының сәрсенбісінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында қасиетті Андрей Критскийдің тәубе канонын оқуды жалғастырды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр