5 наурыз 2026 жыл. Астана. Үкімет үйінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаевамен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: елордалық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); мемлекеттік билік тарапынан – Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ж. Ысқақов және ҚР Дін істері комитетінің төрағасы А.Н. Хатиев.
Амандасудан кейін митрополит Александр вице-премьерге Қазақстан Митрополиттік округінің өмірі туралы – епархиялардағы шіркеудің әлеуметтік, ағартушылық және жастармен жүргізетін қызметі, сондай-ақ Алматы православиелік рухани семинариясының жұмысы жөнінде айтып берді. Архипастырь Аида Ғалымқызына Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбекпен, Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдымен, Ватиканның елшісі архиепископ Джордж Панамтхундилмен және Астанадағы Қасиетті Құдай Анвсына арналған рим-католиктік архиепархиясының ординарийі, архиепископ-митрополит Томаш Бернард Пэтамен өткен кездесулер туралы да хабарлады.
Иерарх биылғы мамыр айында Алматы қаласында Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Патриарх кеңесінің шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі мүшесі, Митрополиттік хордың регенті О.Н. Овчинниковтың жетекшілігімен өтетін бүкілқазақстандық православиелік хор ұжымдарының фестивалін өткізу жоспарларымен бөлісті.
Әңгіме барысында Қазақстандағы дәстүрлі конфессиялардың қоғамда өзара сенім мен құрмет атмосферасын қалыптастырудағы, адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдағы қызметі талқыланды.
Өсіп келе жатқан геосаяси шиеленіс жағдайында халықаралық және ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу, олардың ушығуына жол бермеу мақсатында діни көшбасшылардың қоғамдық-саяси диалогты дамытуға және бүкіл әлемде бірлік пен келісімді сақтауға бағытталған жұмысына белсенді қатысуын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Сұхбаттасушылар өткен жылдың қыркүйек айында Астанаға жасаған Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кириллдің сапарының маңыздылығын атап өтті. Екі тараптың пікірінше, мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаев пен Қасиетті Патриарх Кириллдің кездесуі қоғамда кең оң пікір туғызған маңызды оқиға болды. Бұл кездесуде халықтар арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі және ерекше құрмет белгісі ретінде мемлекет басшысы оны еліміздің ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Архипастырь Аида Ғалымқызына Жоғарғы Иерархтың сапарын ұйымдастыру мен өткізуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс сөздерін айтты.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде - қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, әлеуметтік желілерде конфессияаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған жалған ақпарат пен арандатушылық мәлімдемелерге қарсы іс-қимылдың маңыздылығы талқыланды.
Сондай-ақ технологиялық дамудың қарқыны мен жаһандық үрдістердің өзгеруін ескере отырып жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың өзектілігі атап өтілді. «Жаңа Конституция елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындап, қоғамның әділдікке, заңдылыққа және тең мүмкіндіктерге деген сұранысын көрсетеді», – деді А.Ғ. Балаева.
Митрополит православиелік сенушілердің әрдайым белсенді азаматтық ұстаным танытып, жалпыұлттық, өңірлік немесе жергілікті маңызы бар маңызды мәселелер бойынша өтетін референдумдар мен дауыс берулерге белсенді қатысатынын атап өтті.
Достық әрі іскерлік жағдайда өткен кездесудің соңында архипастырь мен вице-премьер бір-біріне Қазақстан игілігі жолындағы еңбектеріне табыс, денсаулық пен сәттілік тіледі.
Митрополит Александрдың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары А.Г. Балаевамен кездесуі өтті
Толығырақ
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Астана құрметті өкілдігінің дін қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді
ТолығырақМитрополит Александр Астана епархиясының барлық дін қызметкерлерінің қатысуымен Ұлы пост кезіндегі шасиетті Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр