ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
24.05.2025, 12:15

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың атынан Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллді есім Күніне орай құттықтауы

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың атынан Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллді есім Күніне орай құттықтауы

24 мамыр 2025 жыл – Словендердің ұстаздары, апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий мерекесі, Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің есімі күні.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Жоғары Мәртебеліге құттықтау хатын жолдады, онда былай делінген:

Жоғары Мәртебелі, аса құрметті Билеуші!



ХРИСТОС ТІРІЛДІ!



Қасиетті Пасха күндерінде Словендердің ұстаздары, апостолдарға тең Кирилл мен Мефодийді еске алу күні - өзіңіздің есіміңіз күніне орайшын жүректен құттықтауларымды қабыл алыңыз.

Сіз көп жылдық қызмет етуіңіздің әртүрлі кезеңдерінде Мәсіхтің Ақиқатының нұрымен біздің халқымыз үшін ағартушылық жұмысын жүргізіп, солундық бауырларымыздың бірінің қасиетті есімін алып жүрсіз. Апостолдарға тең  Кирилл мен Мефодийдің еңбектері мен ерліктері арқылы мың жылдан астам уақыт бұрын славян халықтары Қасиетті Православие дінін қабылдады.

Көктегі өзіңіздің қорғаушыларыңыз сияқты, Сіз де, Жоғары Мәртебелі, тынымсыз еңбектеріңізбен шіркеу өмірінің барлық салаларын дамыту үшін өз тарихында бұрын-соңды жүргізілмеген істерді атқарып жатырсыз.

Сіз өзіңіздің ізгі өміріңіздің үлгілерімен, шынайы тақуа істеріңізбен архипастырларды, дін қауымын және сенушілерді Шіркеу-Анаға риясыз қызмет етуге шабыттандырасыз.

Қазақстан Митрополиттік округінің епископаты, дін қауымы, монастырбегілер мен сенушілері «жүрегі бір, ауызы бір» (Рим. 15:6) Қазақстан жерінде жарқыраған әулиелерге дұға етіп, Сізге Қасиетті Орыс Православие Шіркеуінің игілігі үшін жоғары және жауапты Жоғары Басшылық қызметін атқаруда Құдайдың рақымды көмегін сұрайды.

Сізге ұзақ, мейірімді және берекелі жылдар тілеймін!



ХРИСТОС ШЫНЫНДА ТІРІЛДІ!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді