6 тамыз 2025 жыл. Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан Республикасы Митрополиттік округі мен Орталық Азия Митрополиттік округіндегі Орыс Православие Шіркеуінің дін қызметкерлері мен қауымына Түркістан және Ташкент архиепископы, Түркістан епархисының алғашқы архипасторы Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуына байланысты құттықтау хатын жолдады:
Жоғары Мәртебелі, аса құрметті Астана және Қазақстан митрополиті Александрға
Жоғары Мәртебелі, аса құрметті, Ташкент пен Өзбекстан митрополиті Викентийге
Қазақстан Республикасындағы Митрополит округіндегі және Орталық Азия Митрополиттік округіндегі Орыс Православие Шіркеуінің діни қызметкерлері мен қауымына
Армысыздар, архипастарлар, құрметті әкелер, қымбатты бауырлар мен әпкелер!
Баршаңызды осы айтулы күн – Түркістан және Ташкент архиепископы, Түркістан епархиясының бірінші архипастары Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын,
1871 жылы жаңадан құрылған Орыс Православие Шіркеуінің епархиясына тағайындалғанға дейін ол ұзақ жылдар бойы рухани білім беру саласында, сондай-ақ Рим мен Константинополь, Армения мен Грузиядағы шіркеулік-дипломатиялық және білім беру салаларында аянбай еңбек етті.
Оның Орта Азияның кең байтақ аумағында епархия өмірін орнату мен дамытудағы шығармашылық қызметі өте жан-жақты болды. Ұлы даланың ұлан-ғайыр кеңістігін шаршамай аралап, шалғайдағы қалалар мен ауылдарды аралаған архипастор өзінің шабытты сөздерімен және жеке тақуалық үлгісімен адамдардың жүрегінде Мәсіхке деген сүйіспеншілікті оятып, оларды сынақтарда нығайтып, қолдап, қасиетті шіркеуге адал болуға тәрбиеледі.
Архиепископ Софонии Түркістандағы өзінің алты жыл қызметінде отыздан астам шіркеу салып, өзіндегі барлық игі істердің үлгісін көрсетті (Тит. 2:7) және елшілер сияқты Құдай Патшалығын уағыздап, Иеміз Құдай Иса Мәсіх туралы тәлімді батылдықпен берді (Деян.28:31).
Жаңадан құрылған епархияда мызғымас православиелік қауымдастықтарды құра отырып, архипастор түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты сақтауға да мән берді.
Қазақстан мен Орталық Азияның православие дінін ұстанушылар архиепископ Софониды «Ұлы даланың елшісі» деп атай отырып, әрқашан құрметпен еске алады. Оның құлшынысты қызметі бүгінгі таңда да бізге өмірлік дұрыс рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беріп, шабыттандыратын үлгі болып табылады.
Осы мерекенің қуанышын бәріңізбен бөлісе отырып, сіздер әрі қарай құлшынысты әрі жалынды рухты болуларыңызды (Рим. 12:11), Мәсіхке және Шіркеуге адал болып, әділдікте, тақуалықта, сенімде, сүйіспеншілікте, шыдамдылық пен момындықта өркендеулеріңізді тілеймін (1 Тим. 6:11).
Мен сізден үшін және сіздің игі істеріңіз үшін Құдайдың батасын сұраймын.
+КИРИЛЛ, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РЕСЕЙ ПАТРИАРХЫ
Ұлы дала елшісі архиепископ Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл
ТолығырақТүркістан және Ташкент архиепископы Софонидың (Сокольский) туғанына 225 жыл толуына орай Патриархалдық құттықтауы
ТолығырақҚазақстан Православие Шіркеуінің 2026 жылға арналған ресми үстелге қоятын күнтізбесі жарық көрді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр