ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
12.04.2026, 12:00

Иерусалимдегі Қасиетті Қабір храмында Қасиетті от түсті

Иерусалимдегі Қасиетті Қабір храмында Қасиетті от түсті

11 сәуір 2026 жыл. Қасиетті Жер. Қасиетті сенбі күні Иерусалимдегі Қасиетті Қабір храмында Қасиетті от түсті.

Мәсіхтің Пасхасы қарсаңында басты христиандық қасиетті орын — Қасиетті Қабір храмында ғасырлар бойы қайталанып келе жатқан осы ғажайыптың куәсі әртүрлі елдерден келген мыңдаған қажылар, соның ішінде Қазақстан Митрополиттік округінің делегациясы болды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Қасиетті Апта күндері библиялық қасиетті орындарда дұға еткен қажылық тобы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қасиетті от жағылған шамдарды елімізге алып келеді.

Алматыда Қасиетті отты қарсы алу рәсімі Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілуі күні — 12 сәуірде, Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Вознесенский кафедралды соборында өткізетін Ұлы Пасхалық кешкі ғибадаттың алдында өтеді.

Құлшылықтың басталуы сағат 17:00.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді