ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
06.09.2024, 18:10

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Астана жіне Алматы епархиясы есебі бойынша Қаулысы

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Астана жіне Алматы епархиясы есебі бойынша Қаулысы

6 қыркүйек 2024 жыл. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Митрополиттік округінің Астана жіне Алматы епархиясының өткен жылғы есебімен танысты және өзінің Бірінші иерархиялық қаулысын Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға жолдады.

Құжатта, атап айтқанда:

-Мәртебелі мырза, Сізді, дін қызметкерлері мен діни қауымын Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуының айтулы жылымен шын жүректен құттықтаймын.

Соңғы бір жылда епархияда Мәсіх жолындағы құлшыныспен қарқынды жұмыс жүргізілгені көзге анық көрінеді. Епархия Ізгі хабардың жұмысындағы негізгі жауапкершіліктен басқа, қоғамның әртүрлі салаларында түрлі әлеуметтік, қайырымдылық, жастар, ақпараттық-танымдық жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен, бізді әрі қарай кеңейту мен дамытуда, әсіресе қайырымдылық волонтерлік іс-шараларда, приходтар мен жастарды осы жұмысқа тартуда еш нәрсе шектемеуі керек.

2023 жылы қамқорлығыңызға тапсырылған епархиядағы өмірді ұйымдастырудағы сіздің жұмысыңыздың және көмекшілеріңіздің жұмысының нәтижелерін оң бағалаймын. Қазіргі таңда Қазақстандағы Астана епархиясы біздің Шіркеудің көптеген басқа епархияларына үлгі бола алады деп айтсақ та артық емес.

Қасиетті Патриарх Кирилл мынаны атап өтті:

– Еліміздің православиелік қоғамдастығы – бейбітшілік пен келісімнің куәсі болып отырған қоғамның белсенді бөлігі, сол үшін мен Сізге және Ұлы даланың ұлан-ғайыр кеңдігінде тұратын барлық православ христиандарына шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Қасиетті Ана шіркеуінің игілігі үшін әрі қарайғы жұмысыңызға Иеміз батасын берсін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді