ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
20.02.2026, 14:00

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Ватиканның Елшісі, архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесті

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Ватиканның Елшісі, архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесті

20 ақпан 2026 жыл. Астана.

Қазақстан Республикасындағы Ватикан Елшісінің шақыруымен Астана және Қазақстан митрополиті Александр Апостолдық нунциатураға барып, Қазақстандағы Апостолдық нунциі архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесті.

Кездесуге елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) және нунциатура қызметкерлері қатысты.

Митрополит Александр Ватикан Елшісін католик күнтізбесі бойынша Ұлы Пост кезеңінің басталуымен құттықтады.

Әңгіме барысында архипастырь Қазақстан Митрополиттік округінің өмірі туралы айтып, биыл атап өтілетін маңызды тарихи күндерді -  Қазақстанның көктегі қамқоршылары – қасиетті азап шеккендер Алматылық Серафим мен Феогност қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл; көрнекті рухани ағартушы, Түркістан және Ташкент епископы Александрдың (Кульчицкий) туғанына 200 жыл; сондай-ақ Оңтүстік астанадағы көне храмдардың бірі – әулие Николай Чудотворец атындағы собордың Православие шіркеуіне қайтарылғанына 80 жылды туралы айтты. Митрополит осы мерейтойларға орай Қазақстанның барлық епархияларында ғылыми-білім беру, ағартушылық, мәдени және жастарға арналған іс-шаралар өтетінін атап өтті.

Кездесу барысында ерекше тарихи және археологиялық ескерткіш – Турин Жабынына арналған көрменің Қазақстанда өтетін екінші кезеңі талқыланды. Көрме Қазақстан Православие шіркеуі, халықаралық қайырымдылық ұйымы «Kirche in Not» («Қиындықтағы Шіркеуге көмек») және Астана Рим-католик архиепархиясының бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылуда. 2026 жылы көрме Петропавл, Қарағанды және Алматы қалаларында өтеді деп күтілуде.

Архиепископ Джордж Панамтхундил митрополитке Астанада жуырда өткен «Рим Папасы мен Жоғарғы имам: адамзат бауырластығына бастар жол» атты кітаптың тұсаукесеріне қатысқаны туралы айтты. Бұл еңбек жаһандық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалог тақырыбына арналған. Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы М. Абдельсаламның бірнеше тілге аударылған еңбегінде 2019 жылғы 4 ақпанда Абу-Дабиде Рим Папасы Франциск пен әл-Азһардың Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебтің (Мысыр) кездесуінде қол қойылған «Адамзат бауырластығы туралы құжаттың» мәні мен маңызы жан-жақты талданады. Әңгімелесушілер Қазақстан басшылығы тарапынан мұндай бастамаларға көрсетілетін қолдау ел ішінде де, халықаралық деңгейде де бейбітшілік пен келісімді нығайтуға берік негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Тараптар дін, мемлекет және қоғамның отбасы институтын нығайтудағы өзара ықпалдастығы мәселелерін қарастырып, дәстүрлі конфессиялардың қоғамдық үдерістердегі және адамгершілік құндылықтарды орнықтырудағы оң рөлін атап өтті.

Митрополит Александр 21 ақпанда Алматыдағы Вознесенскмй кафедралды соборында өтетін ерекше қызмет – балалар Литургиясы туралы хабарлады. Қызмет барысында Оңтүстік астананың жексенбілік мектептерінің жастар хор ұжымдары және Мәскеуден келген «Царевич» балалар хор студиясы ән шырқайды.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

Кездесу жылы әрі өзара түсіністік жағдайда өтті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді