ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
12.04.2026, 13:15

Еліміздің Бас мүфтиі православ қазақстандықтарды Қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады

Еліміздің Бас мүфтиі православ қазақстандықтарды Қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды және республиканың православие сенушілерін Қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан және жеке өз атымнан Сізді және барлық православие қазақстандықтарды ең маңызды христиан мерекесі — Жарқын Пасха мерекесімен құттықтаймын.

Қазақстандағы православие, ислам сияқты, мемлекетіміздің тарихында маңызды орын алады. Біздің екі дініміз қос қанаттай болып, қоғамдағы азаматтық бейбітшілік пен келісімді қолдап келеді, жоғары моральдық және адамгершілік мұраттарды, ізгі отбасылық дәстүрлерді нығайтуға ұдайы қамқорлық жасауда.

Діни мерекелердің Қазақстан халқының өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанына қуаныштымыз. Берекелі жерімізде мұсылмандар мен православие христиандары татулықта, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, Отанымыздың игілігі жолында жасампаз еңбек етуде. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз мәдениеттер мен діни дәстүрлерге өзара құрмет негізінде достық қарым-қатынастың бірегей үлгісін қалыптастырды. Еліміздегі қазақстандықтардың ортақ мақсаттары мен ұмтылыстары тұрақтылық пен өзара түсіністікті, тыныштық пен келісімді сақтауға көмектеседі.

Православие сенушілері бұл күндері Жаратушыдан бейбітшілік, жақсылық пен игілік сұрап дұға етіп жатқанына сенімдімін. Біз де, мұсылмандар, Қазақстан қоғамындағы достық пен келісімнің ғасырлар бойы жалғасуы үшін Тәңірден тілейміз. Тек бірлескен іс-қимыл мен ортақ күш-жігер арқылы ғана біз табысқа жетіп, ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуінің берік негізін қалаймыз..

Құрметті православие қазақстандықтар! Сіздерді Жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен қуаныш, бейбітшілік пен игілік, берік сенім, жан тыныштығы, пәк ниет пен рухани күш-қуат тілеймін!

Ал Сізге, аса құрметті митрополит, Жаратушыға және Қазақстан халқына қызмет ету жолында күш-қуат пен берік сенім тілеймін. Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы Сіздің жасампаз еңбегіңіз жалпы жұртшылықтың құрметіне ие болатынына сенімдімін. Сізге және Сіздің қауымыңызға тағы да амандық, барлық игі бастамаларда табыс, бақыт пен жылулық тілеймін!»

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді