ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS

Біздің жобалар

Серафим

«Серафим» православиелік еріктілер қозғалысы 2023 жылдың тамыз айында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен ұйымдастырылды.

Православиелік еріктілер қозғалысы өздерінің игі істері арқылы рухани дамудың және шіркеу іс-шараларына қатысудың маңыздылығын көрсететін пікірлес және шіркеу мүшелері болып табылатын адамдарды баурайды.

«Серафим» волонтерлік қозғалысы – өздері үлгі бола отырып, шіркеу өміріне қатысуы арқылы приходтар арасында православиелік волонтерлік идеяларды насихаттайтыне белсенді православиелік жастар тобы. Православиелік волонтерлік - бұл Құдайға қызмет ету ғана емес, сонымен бірге қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға адамгершілік таныту және барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге дайын болу.

Шіркеудің әлеуметтік қызметі -  Шіркеу үшін де, қоғам үшін де үлкен құндылық болып табылады. «Серафим» волонтерлік православие қозғалысының қатарында өздерінің жеке пайдасын ғана ойламай, сонымен қатар адамдарға мейірімділік пен жанашырлық сияқты қасиеттерді дамытуға, әртүрлі салаларда көмек пен қолдау көрсетуге дайын 18 бен 35 жас аралығындағы белсенді жастар жұмыс істейді. Серафим волонтерлік қозғалысы жүзеге асыратын жобалар әртүрлі, олардың кейбіреулері ерекше жауапкершілік пен процеске қатысуды талап етеді.

«Серафим» православиелік еріктілер қозғалысы кезінде келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Талғар қаласындағы Ғибадат Крестіне апаратын жолды тазалау;
  • Түнгі Жастар Литургиясы;
  • «Өмір ағашы» экологиялық бағдарламасына қатысу;
  • «Қызмет» фильмінің көрсетілімін ұйымдастыруға қатысу
  • Қазақстан халықтарының ертегілер саябағының ашылуы;
  • «Радонеж» қайырымдылық қорындағы Қарттар мен мүгедектер үйіндегі қоғамдық жұмыс күні;

Құдай Анасының Қазан иконасы соборының аумағында өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуы.

Сілтеме көшірілді