6 маусым 2025 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр еліміздің мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын және барша республика мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады:
Сізді және барша Қазақстан мұсылмандарын ислам күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні Республика мешіттерінде ізгілік, мейірімділік, әділдік идеялары уағыздалады. Осы құндылықтарға ұстаным қоғамымыздағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, оның рухани өсуі мен имандылығының негізі болып табылады.
Ежелден Ұлы Даланы мекендеген жетекші конфессиялардың ізбасарлары бүкіл әлемге бауырластық пен өзара сыйластықты, ел қуатын бірлесе нығайту, оның киелі шекарасын қорғау мүмкіндігін айғақтап келеді.
Православие шіркеуі, Ислам және басқа да дәстүрлі діндер арасында қалыптасқан өзара түсіністік рухы алдағы уақытта да ортақ Отанымыз – Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін.
Құрметті мүфти Хазірет, Сізге және барша мұсылман қауымына шын жүректен денсаулық, бейбітшілік, амандық және Отан игілігі үшін атқарылып жатқан игі істерде сәттілік тілеймін!
Алдағы уақытта Қазақстанның рухани көшбасшысы лауазымындағы қызметіңізге Жаратқан Ие жар болсын.
Қазақстан Православие Шіркеуінің 2026 жылға арналған ресми үстелге қоятын күнтізбесі жарық көрді
ТолығырақҚостанай епархиясының хатшысы Қарабалық ауылындағы Серафим шіркеуінде кішігірім қасиетті ету рәсімін мен Литургияны өткізді
ТолығырақХалық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Т.А. Мұсабаев дүниеден озды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр