ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
03.03.2026, 17:00

Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды

Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне салынып жатқан ғибадатхана кешенінің құрылыс алаңында болды

3 наурыз 2026 жыл. Астана.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан жерінде даңққа бөленген Бүкіл әулиелер құрметіне арналатын кафедралдық соборды, Радонеждік қасиетті Сергий ғибадатханасын және Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени әрі ағартушылық орталығын қамтитын шіркеулік сәулет кешенінің құрылыс алаңында болды.

Көптеген сенушілер тағатсыздана күтіп отырған бұл жоба Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасын алған. Митрополит Александрдың Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевпен кездесуі барысында мемлекет басшысы жобамен танысып, елордада православиелік ағартушылық орталық пен оның жанынан ғибадатхана салу бастамасын қолдады. Қазақстан Президентінің тапсырмасымен елорда әкімдігі тарапынан жер телімі бөлініп, Митрополиттік округтің иелігіне берілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, жоба қайырымды жандардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Құрылыс алаңын аралағаннан кейін митрополит Александр өткізген жұмыс кеңесіне қатысқандар: елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), құрметті өкілдің көмекшісі иерей Сергий Дианов, «Астанатрансстрой» ЖШС ҚК бақылау кеңесінің төрағасы В.И. Поморцев, Астана епархиялық басқармасының қызметкерлері, сәулетшілер мен инженерлер.

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің басшысы сәулет кешенін тұрғызуға жауапты мамандардың баяндамаларын тыңдап, алдағы жұмыс кезеңдеріне қатысты тиісті тапсырмалар берді.

Кеңес соңында иерарх жиналғандарға атқарған еңбектері үшін алғысын айтып, елорда православиелік тұрғындары асыға күтіп отырған ғибадатхана кешенін салу ісінде Құдайдың жәрдемін тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді