1 тамыз 2025 жыл. Астана. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Бейбітшілік және Келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі қарсаңында ашылған «Турин Кебіні» көрмесінің ұйымдастырушылары мен келушілеріне арнап сөз сөйледі:
Құрметті ұйымдастырушылар мен қонақтар!
Біз мәдени-рухани маңызды оқиғаның қатысушысы болып отырмыз – Астанада «Турин Кебіні» бірегей көрмесі ашылуда. Бұл ғылыми-танымдық шара Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне орайластырылып отыр. Бұл форум тұрақты түрде әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті діни, саяси және қоғам қайраткерлерін жинайды. Ол конфессияаралық және ұлтаралық диалогтың бірегей алаңына айналды. Көрмені дайындау мен өткізуге түрлі конфессиялар мен ұлт өкілдерінің де атсалысуы ерекше. «Турин Кебіні» көрмесі келушілерді «бесінші Інжіл» деп аталатын әйгілі археологиялық ескерткіштің тарихымен және ғылыми зерттеулерімен таныстырады. Бірегей жәдігер ретінде ол ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін ғылыми қоғамдастық өкілдері мен көптеген қажылардың назарын аударып, Киелі жазбалар мен Киелі кітап тарихын зерттеуге қызығушылықтарын оятты.
Қазақстан Православие Шіркеуі, Астанадағы Рим-Католиктік Архиепархиясы, Мальта ордені және «Kirche in Not» халықаралық қайырымдылық қоры өкілдерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары Кебінің дәл көшірмесін көріп, осы жұмбақ қасиеттіге қатысты толық ақпарат пен аз мәлім фактілерді білуге тамаша мүмкіндік алды.
Иеміз Иса Мәсіхтің қабірлік Кебіні бірінші рет Інжілде айтылады, онда елшілер қабірге кірген кезде «тек жатқан зығыр орам мен Оның басының үстіндегі зығыр бірге емес, бөлек бір-біріне оралғанын» көрген» (Ин. 20:6-7).
Құтқарушының Қайта Тірілуінің ақиқатының дәлелі ретінде бұл жәдігер апостолдар қауымында сақталды. Православиеде ежелгі дәстүр бар - Иеміздің айқышта азап шегуін және оны жерлеуді еске алу үшін, жыл сайын Қасиетті Пасха қарсаңында, қасиетті жұмада ғибадатханалардың ортасына Қасиетті кебін төселген қабір әкелінеді.
Бұл - Мәсіхтің денесі оралған қабірдің жабындысын білдіретін Мәсіхтің қабірдегі белгішесі.
Көрмеге келген әрбір келуші көптеген қызықты мәліметтер алып, ой-өрісін кеңейтіп, жаны мен жүрегіне мол әсер алатынына сенімдімін. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай дейді: «Қазақстан Діни толеранттылық пен адам құқықтарын сақтауға бейілділігімен бүкіл әлемге үлгі көрсетеді. Қазір әлем саяси белгісіздік жағдайында қалуда, Мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы жақындасу көпірі бұрынғыдан да қажет». Астанада және Республиканың басқа да қалаларында «Турин Кебіні» көрмесін өткізу конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту үшін үлкен маңызға ие болып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы игі іске қызмет ететіні сөзсіз.
Ресейдің Шомылдыру рәсімі мерекесінде Петропавл және Булаев архиепископы Владимир өзінің көктегі қорғаушысының күнін дұға етіп атап өтт
ТолығырақЖексенбі күні Құдайдың пайғамбары Иезекиилиді еске алуға орай, Митрополиттік округ Басшысы Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізді
ТолығырақАстанада «Турин Кебіні» халықаралық рухани-ағартушылық көрмесінің ашылуы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр