Құрметті бауырлар!
Бүгін дұға етуп атап өтілетін «Адал және Өмір беретін Иеміз Құдайдың Кресті ағашының әкелінуі» мерекесі бізді Успен постының күндеріне дайындайды. Өмір сыйлайтын Ағашқа тағзым етіп, одан тарайтын рақыммен күшейе отырып, біз жалынды дұға мен тыйылудың, өкіну мен мейірімділік таныту әркеттерін бастаймыз.
Успен посты - бұл қуаныш уақыты, өйткені «бұл шірігіш шірімейтінге айналады және бұл өлмейтін адам өлмейтіндік киетін болады» (1Кор.15:54), яғни сол кездегі өмірдің өлімді жеңуінің пасхалық мәнін қамтиды. Қайта тірілу мен болашақ өмірдің Құпиясы бізге Құдай Анасының Успен мерекесінде ашылады, Иеміз Құдай бейнесінің пайда болу мерекесінде жарқырайды және посттың қатаң күндерін сенуші жүректерге жұбаныш ретінде береді.
Біздің әрқайсымыз алдымен нені емдеу керек, қандай нәпсілер билеген, қандай ізгі қасиеттер жетіспейтінін білу үшін жан дүниеміздің тереңдігіне мұқият қарасын. Барлық күнәлардан бірден арылу мүмкін емес, бірақ бәріміз есте сақтауымыз керек бір маңызды рухани ереже бар – күнә басқа күнәні тудырады, ал әрбір жақсылық келесі жақсылықты тартады. Сол себепті, ізгілікке қол жеткізгісі келетін кез келген адам ең қарапайым және ең күнделікті нәрседен бастауы керек, өйткені елші айтқандай, «титтей ашытқы бүкіл қамырды ашытады» (Гал. 5:9). Өкінішке орай, адамдар әрбір күнәнің қорқынышты екенін ұмытып кетеді, тіпті бір қарағанда, Інжілдің адамгершілік нормаларынан аз ғана ауытқудың өзі қауіпті. "Маған кішкентай күнәлар да көз жасын төгуге тұрарлықтай болып көрінеді, өйткені күнә - Құдайдан алыстау. Құдайдан айырылып қалсам, мен оған қалай шыдаймын?" — деп жан айғайын білдіреді әулие Григорий Богослов.
Құдайдың Анасына арналған посттың әкелетін көптеген рухани сабақтардың ішінде отбасында тыныштықты сақтау, ерлі-зайыптылар, балалар және ата-аналар арасындағы сүйіспеншілікті нығайту туралы қамқорлық бар. Барлығымызды кейде әлеуметтік апатқа әкелетін қоғамдағы алауыздық алаңдатады; Біз, біздің балаларымыз, бәріміз шын жүректен бейбіт аспан астында болуды қалаймыз. Бірақ біз тұратын қаладағы немесе ауылдағы, біздің еліміздегі, жер шарындағы «үнсіз және тыныш өмір» бір отбасында тыныштық пен татулықтан басталатынын есте ұстаған жөн. Алдағы қасиетті күндерде ең алдымен отбасымызбен және достарымызбен қарым-қатынасымызды жақсартуға, ескі реніштерді кешіруге, немқұрайлылықты жоюға, ұрыс-керіс, қызғаныш пен ашуланушылықтан арылуға тырысайық.Берік христиан отбасы әрі шағын Шіркеу, әрі айналасындағылар үшін Құдайдың жарылқау көзі, әрі Ізгі хабарды уағыздаудың тиімді құралы болып табылады. «Егер бір-біріңе сүйіспеншілікпен қарасаңдар, бәрі менің шәкірттерім екендеріңді осы арқылы біледі» (Ин. 13:35), — дейді Иеміз Құдай.
Жақындарына деген ықылас пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, шыдамдылық пен түсіністікке ие болу – көп еңбек, адамның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінезіне, әдет-ғұрпына тиянақты еңбек ету екені сөзсіз. «Мен жүзім сабағымын, сендер бұтағысыңдар: кім Маған жақын болса, Мен де оның жанынан табыламын, ол жемісті болады, өйткені менсіз ештеңе істей алмайсыңдар» (Ин. 15:5), — деп Иеміз Құдай бізге үндейді. Біз Құтқарушымызбен жақын қарым-қатынаста болмасақ, күнәнің қараңғылығынан арылып, ізгі христиандар бола алмаймыз. Мәсіхтің өзі бізге Онымен жұмбақ бірлесудің жолын ашты - бұл Құдайдың Евхаристиясына қатысу. Адам тамақсыз және сусынсыз физикалық тұрғыда өмір сүре алмайды, сол секілді ол Мәсіхтің Денесі мен Қанынсыз өмір сүре алмайды. Иеміз Құдайдың Өзі сенуші үшін Бірлесудің мәні туралы былай деді: «Менің Тәнім – шын мәнінде азық, ал менің Қаным – сусын» (Ин. 6:55). Сондықтан Успен постында күнәмізді мойындау арқылы өзімізді тазартып, Мәсіхтің құдайлық, өлмейтін және өмір беретін Құпияларынан дәм тату үшін Қасиетті Тостағанға асығайық.
Алматы митрополиті Николайдың уағыздарының бірінде Құдай Анасының аналық мейіріміне арналған жұбаныш сөздер бар: «Мүмкін, біздің барлық қайғымыз Оған таныс және түсінікті болуы үшін Қасиетті Богородицаға сонша қайғы жіберілген болар. Жер Анамыз біз сұраған кезде бізді тамақтандырса, қайғымызды жұбатып, көз жасымызды сүртсе, ауру кезінде бізді емдеуге тырысса - егер біз одан көмек сұрасақ, біздің Көктегі Анамыз, Махаббат пен Мейірімділік Анасының өзі де біз үшін мұны жасайды».
Жаратқан Ие әлемді қалдырмайтын Аспан Патшайымының дұғалары арқылы бізге өзіміздің және жақын адамдарымыздың игілігі үшін постты ұстаудың қуанышты жолынан өтуге, «Құдайға сай жаралған жаңа адамның әділдік пен шынайы киелілік киіпін киюге» бұйырсын (Еф. 4:24).
Астанада салынып жатқан ғибадатханаға орталық күмбез мен крест орнатылды
ТолығырақӨскеменде Шығыс Қазақстанда XX ғасырдағы қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқандарды еске алу мақсатында тағзым ету кресті орнатылып, қасиетті етілді
ТолығырақМитрополит Александр Оңтүстік астананың бас шіркеуінде оқу жылының басына арналған жексенбілік Литургия мен дұға ету қызметін өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр