ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
20.09.2025, 15:00

Астанадағы және Қазақстанның Митрополиті Александрдың Астанадағы қасиетті Сергий Радонежский шіркеуін қасиетті ету рәсімінде сөйлеген сөзі

Астанадағы және Қазақстанның Митрополиті Александрдың Астанадағы қасиетті  Сергий Радонежский шіркеуін қасиетті ету рәсімінде сөйлеген сөзі

18 қыркүйек 2025 жыл. Астана. Қазақстан Республикасының астанасында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл қасиетті Сергий 

Радонежский шіркеуіне қасиетті ету рәсімін жасады. Салтанатты рәсімнен кейін Астана және Қазақстан Митрополиті Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысына құттықтау сөзін сөйледі:

Жоғары Мәртебелі!

Бүгін Қазақстанның бас қаласы Астанада ерекше рухани мереке өтті. Біз «Орыс жерінің игумені» қасиетті  Сергий Радонежский құрметіне жаңадан салынған шіркеуді қасиетті ету - тарихи оқиғасның куәгері және оған қатысушы болдық.

2022 жылғы 3 наурызда Сіз, Астанада Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі үшін осы өлкеде жарқыраған әулиелерге арналған рухани-мәдени және ағарту орталығының құрылуына Жоғары Басшылық батаңызды берген болатынсыз. Енді сіз жаңадан салынған шіркеуді Киелі Рухтың рақымын жанашырларға, құрылысшылар мен безендірушілерге Құдайдың мейірімін тілей отырып,  болашақ көпфункционалды ағарту кешенінің бірінші шіркеуін жеке өзіңіз қасиетті еттіңіз.

Бұл ауқымды жоба Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауына ие болды. Мемлекет басшысы Православиенің тарихи рөлін жоғары бағалайды және оның халқымыздың бірлігін, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтудағы рөлін үнемі атап көрсетеді. Мешіттер мен православие шіркеулерінің құрылысы – егемен Қазақстанның ең маңызды жетістіктерінің – ұлтаралық татулықтың, ұлтаралық келісімнің, Ұлы даланың сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениетіне деген құрметтің айқын көрінісі.

Сіздердің әкелік қолдауларыңыз бен қайырымды жандардың ізгі атсалысуының арқасында бүгінгі таңда рухани-ағарту орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоғары Мәртебелі, сіз өткізген қасиеиті Сергиевский шіркеуінің қасиетті рәсімі осы маңызды жобаның сәтті аяқталуына кепілдік беретіні сөзсіз. "Шіркеулерді салғандар тарихқа кіреді. Тек адамзат тарихына ғана емес. Бұл адамдардың есімдері Өмір кітабына арнайы жазылған" деген терең мағыналы сөздеріңізді еске түсіргім келеді.

Осы жақсы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекетіміздің басшысына Православие Шіркеуіне көрсеткен белсенді қамқорлығы үшін шексіз алғысымды білдіремін. Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке елордалық православие тұрғындарының қажеттілігіне жауап бергені үшін алғыс айтамын.

Жоғары Мәртебелі, жаңадан салынған рухани-ағарту кешенінінің Құдай халқы мен Қазақстан жерінің игілігі үшін жұмысын бастауы үшін өте қысқа мерзімде Астанаға қайта оралып, қасиетті ететініңізге шын жүректен үміттенемін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді