ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
23.09.2025, 16:35

Митрополит Александрдың апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығындағы қабылдауында сөйлеген сөзі

Митрополит Александрдың апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығындағы қабылдауында сөйлеген сөзі

18 қыркүйек  2025 жыл. Астана.Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстанға ресми сапарының бағдарламасы Метрополиттік округтің апостолдарға тең Кирилл және Мефодий рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен және Астана қаласының әкімі Ж. М.Қасымбекпен кездесумен аяқталды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Жоғары Мәртебеліге сөйлеген сөзі:

Аса құрметті Жоғары Мәртебелі!

Астанадағы Митрополиттік округінің орталығында әртүрлі шіркеу жобалары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қазақстанда қызмет ететін архипастырлары, Республика үкіметінің өкілдері, дипломаттары, қоғам қайраткерлері және қайырымдылық жасаушылары жиналды. 

Кеше сізде өте белсенді күн болды – Сіз әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен сөйлестіңіз, саяси және дін қайраткерлерімен кездестіңіз. Ал бүгін сіз бізге өзіңізбен кездесуге, тілдесуге, Өзіңіздің сөзіңізді естіртуге және біздің болашақ жұмысымыз үшін батаңызды алуға тамаша мүмкіндік беріп отырсыз.

Биылғы жылы еліміз үшін ерекше мерейтой – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің канондық-құқықтық мәртебесінің бекітілгеніне 15 жыл толды. Бұл кезең шіркеу өмірінің барлық салаларының дамуымен ерекшеленді: жаңа епархиялар ашылды, приходтар құрылды, шіркеулер салынды және көне киелі орындар қалпына келтірілді, мемлекетпен диалог белсенді бола бастады, рухани тәрбие мен катехизация, әлеуметтік және жастар қызметі дамыды. Осы игі өзгерістердің барлығы Сіздің бастамаңыз бен тікелей қамқорлығыңыздың арқасында болды және болып жатыр. Біз Сіздің Қазақстанда болып жатқан саяси-қоғамдық оқиғаларға қаншалықты ықыласпен қарайтыныңызды, Қазақстан епархияларының есептерін мұқият зерттеп, архипастарларға, дін қызметкерлеріне жанашырлық білдіріп, олардың қуаныштарында да, қиын жағдайда да мейірмділік танытатыңызды білеміз.

Сіз үнемі бізді оптимизммен, үмітпен және Құдайға сеніммен шабыттандыруға тырысасыз. Сіз күнделікті жұмысыңызда Шіркеу және түрлі ұлттар мен діни бірлестіктердің игілігі үшін жанқиярлық қызмет етудің үлгісін көрсетіп келесіз.

«Әкеге қарап ұл өсер» – «Глядя на отца, растет сын», – дейді қазақтың ескі мақалы. Миллиондаған сенушілер сізден сүйіспеншілікке толы және сонымен бірге талапшыл әкені көреді, сіз сөзіңіз де, өз ісіңіз де оларды рухани өсуге, дамуға және жақсартуға жігерлендіреді. 

Осы залдағы баршамыз үшін бүгін Сізбен сұхбаттас болу, игі қарым-қатынастың қуанышын бөлісу, діни, саяси және әлеуметтік өмірдегі өзекті мәселелерге қатысты ой-пікірлеріңізді тыңдау біз үлкен қуаныш әрі мәртебе. Сізге шын жүректен алғыс айтамыз, Қасиетті Билеуші.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді