18 қазан – Қазақстан Республикасы халқының Рухани келісім күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
«Қазіргі таңда Қазақстан халқы тойлайтын бұл мереке – құтты Қазақстан – біздің елімізді мекендеген түрлі ұлттар, конфессиялар мен мәдениеттер өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының символы.
Жақсылық пен мейірімділіктің жоғары адамгершілік мұраттарын өмірге келтіре отырып, біз ұлы сый мен қазынамыз – бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға ұмтыламыз.
Республиканың жетекші екі конфессиясы – Православие және ханафилік Ислам – ғасырлар бойы Ұлы даланың ұлан-ғайыр кеңістігінде рухани келісімді дамытып, осы қасиетті дәстүрді ұрпақтарына аманат етіп келеді. Қазіргі уақытта қалыптасқан жемісті дінаралық және мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар рухани күшті және адамгершілік салауатты қоғам құруға ықпал етеді.
Елімізде түрлі ұлттар, конфессиялар мен мәдениеттер өкілдерінің әрқашан тату-тәтті өмір сүріп, туған Қазақстанның игілігі үшін бірлесе еңбек ету мүмкіндігін Жаратушымыз нәсіп етсін», - делінген Қазақстан Митрополитіа округі Басшысының құттықтауында.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр