Ардақты әкелер, қымбатты бауырлар!Митрополиттік округінің I Съезінің қатысушылары мен ұйымдастырушылары, жексенбілік мектеп басшылары мен мұғалімдері қош келдіңіздер.
Мұнда алғаш рет славян халықтарының ағартушылары апостолдарға теңестірілген Кирилл мен Мефодий әулиелердің есімдерімен аталған рухани-мәдени орталыққа Шіркеудің рухани-ағартушылық жұмысының ең күрделі де маңызды саласына жауапты мамандары жиналды. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуында шешуші рөл атқаратын өскелең ұрпақ екенін, жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін орынды атап өтті. Бүгінгі жас ұрпақ – қоғамның болашағы, елдің, ұлттың болашағы екені сөзсіз. Бүгінде мектеп партасында отырғандар немесе институттар мен академияларда оқитындар - көп ұзамай ересек адамдарды ауыстырады, жұмыс істейді, отбасын құрып, өз балаларын өсіре бастайды. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерге сапалы, жан-жақты білім, дұрыс тәрбие, кәсіптік білім беру өте маңызды. Бірақ Православие Шіркеуі тереңірек үңіледі: жастардың болашағы және елдің болашағы көбінесе адамдардың жас кезінде жасайтын рухани және адамгершілік таңдауларына байланысты. Қазіргі қоғамда «игілік, мейірімділік, адалдық, жұмсақтық, ұстамдылық» (Гал. 5:22-23) сияқты христиандық қасиеттердің жоғалуы балалар мен жастарды Шіркеуге шақыруда одан да белсендірек болудыің себебі болып табылады. Біз жақсылық пен жамандық ұғымдары бұлыңғыр болып бара жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Жақында жамандық деп саналған әрекеттер қазір ізгілік ретінде қабылданады және адамдар бір кездері ұят деп саналған нәрселерді жасырмайды. Әдепті адам үшін ажырамас деп саналатын көптеген жақсы және жағымды қасиеттер жайлы өмір сүру үшін елеусіз және тіпті қолайсыз мәртебеге ығыстырылуда. Бірақ біз түсінеміз - оңай уақыт жоқ. Ал қалай дұрыс өмір сүру керек, өзін және жанын қалай құтқару керек деген сұрақтар қашанда өзекті. Және православиелік христиан үшін жауап әр дәуірде бірдей - Інжілге сәйкес өмір. Адамның әрбір әрекеті, әрбір ойы адамды Құдаға жақындатады немесе одан алыстатады.
Бүгінде Шіркеу, барлық уақыттағыдай, жастардың тағдырына шынайы қызығушылық танытуда. Ол әрбір адамда Мәсіхті еркін қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны көреді. Ол жас жандарға фарисейлік заңгерліктің ауыр және төзгісіз жүгін жүктеп,ойын өзгерту үшін емес, оларды илаһи рақымдылықпен нығайтып, сүйіспеншілігімен нәрлендіріп, рухани шыңдап, жақсылық пен жамандықты ажырата алатындай етіп, агрессивті, бүлінушілікке қарсы тұру үшін іздейді. Дәл осы жерден балалар мен жасөспірімдер бақыттың сарқылмас қайнар көзіне – Құдаймен бірлікке апаратын жолды көрсететін шынайы рухани-адамгершілік нұсқауларды таба алады.
Қазіргі шіркеу өмірінде жексенбілік мектептердің тиімді жұмысына көп көңіл бөлінеді. Бұл тақырып Архиерейлік және Жоғарғы Шіркеу Кеңесінің отырыстарында талқыланатын тақырыпқа айналды. Приходтардағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері көтерілмейтін бірде-бір епархиялық жиналыс жоқ. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кирилл бұл іс-шараның негізгі мақсатын тұжырымдады: балаларға «Шіркеу өміріне кіруге, онда өз орнын табуға, оларды Киелі Жазбалармен және Дәстүрлермен және литургиялық өмірмен таныстыруға» көмектесу. Жоғары Мәртебелі негізінен революцияға дейінгі шіркеулік мектептер тәжірибесіне негізделген жексенбілік мектептердің көпшілігіндегі оқытудағы елеулі кемшілікке және білім беру қызметінің мазмұнына академиялық көзқарас пен ұйымдық нысандарға қатаң талаптарды ұсынатын қазіргі жалпы білім беру жүйесіне назар аударды.«Кейбір оқитындар үшін, - деп Қасиетті Билеуші орынды атап өтті, - мектептегі әдіс таныс болуы мүмкін, бірақ олардың көпшілігі үшін - бұл ауыртпалық. Мұндай студенттер жексенбілік мектепке бару ынтасын жоғалтады, өйткені олар оны қарапайым мектептің көшірмесі деп санайды, алгебра, физика және биологияның орнына шіркеу славян тілі мен шіркеу тарихын үйретеді». Репродуктивті педагогикалық технологияның негізі болып табылатын және ұстаздарға таныс «Жаңа білімді меңгеру – бекіту – бақылау – бағалау» дәстүрлі оқыту үлгісі діни сабақты құруға аса қолайлы емес, өйткені ол қойылған мақсатқа жете алмайды. Орта мектептерде балаларды шамадан тыс жүктеген жағдайда, зайырлы үлгілерге негізделген жексенбілік мектепте оқыту балалардың сабаққа қатысуына кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар Православиеге деген барлық қызығушылықтың жоғалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан біздің басты міндетіміз - жексенбілік мектеп жұмысын ұйымдастырудағы әдеттегі тәсілмен қатар, балаларды Православие негіздерімен таныстыруға көмектесетін басқа әдістерді іздеу және табу. Православие мұғалімі балалар немесе жасөспірімдер аудиториясына сөйлеген сайын, бұл олар үшін түсінікті, қызықты және маңызды болатындай жаңа ұрпақпен қарым-қатынас жасауы керек, жастарды олардың қажеттіліктерімен, қызығушылықтарымен, басымдықтарымен түсінуге және Құдай туралы сөзді олардың құндылықтар жүйесіне енгізуге тырысуы керек.
2013 жылғы Архиерейлік Кеңесі жексенбілік мектептердің білім беру және тәрбиелеу қызметінің стандартын және діни білім беру мен катехизация бойынша Синодтық Бөлім жасаған олардың қызметі туралы ережені бекітті. Тәжірибе көрсеткендей, бұл көптеген орыс жексенбілік мектептерінде білім сапасының жақсаруына әкелді. Біз бұл құжаттарды олардың ережелерін қазақстандық шындыққа бейімдей отырып ұстануымыз керек. Осылайша, біз Қазақстан Митрополиттік округінің приходтардағы жексенбілік мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, балалар мен жастарға рухани білім мен тәрбие берудің сапасын арттыра аламыз. Біз биылғы жылы ынтымақтастықты бастап жатқан «Клевер Лабораторисы» білім беру платформасы қазақстандық жексенбілік мектептердің басшылығы мен педагогикалық ұжымы үшін маңызды байлық болмақ. Оны Қасиетті Патриарх Кириллдің бұйрығымен Діни білім беру және катехизация жөніндегі Синодтық бөлімі мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді құралы ретінде жасаған. Жексенбілік мектептердегі білім сапасын арттыру туралы айтқанда, біз балаларға Құдай, әлем және адам туралы теориялық білімдерді дұрыс оқыту маңызды ғкна емес, сонымен қатар олардың бойында терең христиандық дүниетанымды қалыптастыру және адамгершілік сезімін дамыту маңызды екенін түсінуіміз керек. Өткен ғасырдың көрнекті ойшылы және ағартушысы протоиерей Василий Зенковский: «Православие аясындағы білім берудің мақсаты – Шіркеуде табылған рақымды толықтыру арқылы балаларға күнәнің күшінен құтылуға көмектесу, оларға Құдайдың бейнесін ашуға және мәңгілік өмірге апаратын жолды ашуға көмектесу» деп жазды. Мұғалімдер діни қызметкерлермен бірге жексенбілік мектеп оқушыларына өздерін Православие Шіркеуінің балалары ретінде тануға көмектесіп, оларды өмірінде евангельдік адамгершілік принциптерін басшылыққа алуға үйретіп, зерттеу мен білімге деген ынтасын арттыруы керек.
Біз балаларды қалай дұрыс крестенуді және қай кезде иілу керектігін үйрете аламыз; олар догматтарды біліп, дұғалар мен інжіл мәтіндерін үйренетін болады, бірақ олардың жан дүниесінде махаббат пен сенім оты жағылмаса, онда бұл сыртқы білім оңай күнәлар мен жаман істерге әкеледі. Егер бала руханилыққа жақындамаса, оның Құдаймен қарым-қатынасы қалыптаспаса және оларға тек ресми ережелер мен тыйымдардың тізімі берілсе, онда біздің тәрбиеміз нәтиже бермейді және жасөспірімдік жасқа жеткенде жас жігіт немесе қыз Шіркеуден кетеді. Құдаймен жеке қарым-қатынас тәжірибесінсіз толық рухани өмір мүмкін емес. Баланың ғибадат етуге қатысуы және олардың Мәсіхпен евхаристикалық қарым-қатынасы олардың рухани тәрбиесінде басты орынға ие болуы керек. Мәсіхтің Қасиетті Жұмбақтарымен Бірігу рәсімі зор күшке ие екенін бәріміз білеміз; ол адамның жердегі өмірі кезінде оның жаны мен денесін өзгертіп, тірілте алады. Дегенмен, баланы, әсіресе жасөспірімді мойындауға, Қасиетті тостағаннан дәм татуға немесе дұға етуге баруға немесе мәжбүрлеуге болмайды. Оқушыны қызықтырып, шабыттандыра білу, олардың бойындағы осы ішкі отты жағу тәлімгерден үлкен күш-жігерді, кейде төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді.
Мен приходтық жексенбілік мектептердегі негізгі мәселелердің бірі туралы бірнеше сөз айтқым келеді. Көптеген балалар кіші сыныптарда сабаққа қатысып, мұғалімнің тапсырмаларын қуана орындап, қызметтер мен концерттерге қатысатын көріністі көру сирек емес, бірақ бұл енді жоғары сыныптарда болмайды. «Өтпелі жас» деп аталатын кезең келіп, баланың өмірінде теңгерімдік бұзылады. Бұл кезде оларды әрқашан басқаруға келмейді, ата-аналар мен мұғалімдердің көмегінен бас тартады және олар тәрбиеленген құндылықтарды қайта қарастырады. Православиелік тәрбие мен білім беру кезінде біз оқушының өмірінде мұндай дағдарыс болатынын есте ұстауымыз және біз оған алдын-ала дайындалуымыз керек. Бұл кезең балаларға ерте келеді. Бір кездері ол 14 пен 16 жас аралығында болса да, шекаралар өзгерді, сондықтан біз бұл туралы бірдеңе істеуге тура келетін уақыт барған сайын қысқарады. Жасөспірім - енді кішкентай бала емес. «патернализма», яғни үлкендердің кіші балаларға деген немқұрайлы көзқарасынан аулақ болу керек. Бұйрық интонацияларымен немесе әсерлі сөйлеу, шамадан тыс талап ету және жалықтыруға болмайды. Біз балалар мен жасөспірімдерді жастық азғырулар басталған кезде де және олар көбінесе рухани емес және көбінесе дінге дұшпандық танытатын шындықпен бетпе-бет келген кезде де өздерінің діни сезімдері мен Шіркеуге берілгендігін сақтауға сендіруге көмектесетін тілді іздеуіміз, табуымыз және қолдануымыз керек. Бұл балаларды жоғалтпау үшін оларды қызықтыратын іс-шараларды – спорттық жарыстарға, жорықтар мен қажылыққа, зияткерлік және шығармашылық жарыстарға, концерттік қойылымдарға назар аударту қажет. Осылайша, біз жастарды әрекет арқылы үйренуге – ақпаратты пассивті тұтынудан оқу процесіне белсенді қатысуға көшуге мүмкіндік береміз. Бұл тәсіл балалардың өз тәжірибесімен дәлелденбеген және өмірінен ажыраған теориялық білім алу мәселесін жеңеді. Жексенбілік мектеп сабақтарын барлық жастағы балалар үшін қызықты етудің тиімді жолы бар деп ойлаймын. Біз оқу бағдарламасына қатысушыларды нақты жұмыс дағдыларына үйрететін практикалық әрекеттерді ұсына отырып, оларды шынайы өмірмен байланыстыратын бағдарламаны енгізуіміз керек. Балалардың қызметтерге қаншалықты ынтамен қатысатынына назар аударыңыз. Баланың бүкіл қызметті шеттен қарап отыруы бір бөлек, көбінесе жалықтырып жібереді, ал алтарьда көмектесіп, хорда ән айтып, оқып, шырақша маңын жинап, қоңырау соғу - мүлдем басқа. Біз үшін балалар мен жасөспірімдерді тәжірибелік литургиялық іс-шараларға тарту жолдарын мұқият қарастыру маңызды. Бүгінгі адамдардың кішкентай кезінен гаджеттерге қалай тәуелді болып жатқанын көру қатты алаңдатады - олар тіпті балабақшаларында виртуалды шындыққа кіріп кеткен. Нәтижесінде балада тәжрибе тапшылық пайда болады. Біз қазіргі балалар психологиясының ерекшеліктерін ескеріп, осы олқылықты балалардың діни білімге деген қызығушылығын дамыту және литургиялық тақуалыққа баулу үшін пайдалануға тырысуымыз керек. Жоғарыда талқылағандарымыз – жарыстар, жорықтар, шығармашылық және зияткерлік сайыстар – жас жеткіншек үшін виртуалды емес, шынайы іс-шаралар болуы оларды қалыпты және салауатты өмірмен, соның ішінде руханиятпен қайта байланыстырады. Сондықтан біздің жексенбілік мектептің білім беру бағдарламалары осы маңызды құрамдас бөлікті қамтитынын атап өткім келеді. Жалығушылық, формализм аз болады, ең бастысы, біз қазір интерактивтілік деп аталатын нәрсені дамытамыз, яғни баланы оқу процесіне тарту. Біз виртуалды өмірдің қиялдағы қуанышы мен толқуын Інжіл ақиқатының нұрымен жарықтандырылған және дұғаның жылуымен жылытатын шынайы өмірдің толықтығы мен сұлулығына қарсы қоюымыз керек.
Жаңа ғана айтылғандардың контекстінде виртуалды емес, нақты әлемге назар аудару жаңа технологиялардан бас тартуды білдірмейтінін атап өткен жөн. Интернет те, гаджеттер де орынды пайдаланған кезде біздің әдістемелік құралдарымызды алмастырмай, толықтыра отырып, жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан балалар мен оқу ортасында ақпаратты берудің заманауи технологиялары қабылдануы керек, бірақ бұл технологиялар біз оқытатын пәндерге сәйкес келетін дәрежеде ғана қабылдануы керек.
Осы тақырыпты жалғастыра отырып, мен мұғалімдерге үлкенірек оқушыларды менің ойымша, тартымды ретінде саналатын жобамен қызықтыру керек деп кеңес беремін.
Жасөспірімдер өздерінің жексенбілік мектебі немесе приходтары үшін интернет кеңістігінде парақшаларын жасап, жүргізе алады. Әрине, бұл жұмыс ұстаздар мен дін қызметкерлерінің қатаң қадағалауымен жүргізілуі керек. Әлеуметтік желідегі парақшаларды жүргізу қазіргі жастар үшін өте қызықты және, ең бастысы, олардың мектебінің ауқымын кеңейтуге, елдің түкпір-түкпірінен және дүние жүзіндегі діндарлармен кездесуге және балаларды да, олардың ата-аналарын да қызықтыратын әртүрлі онлайн білім беру жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс түрі әлі шіркеу қауымдастығына кірмеген жастарды тарта алу маңызды. Әлеуметтік желідегі парақтар үшін мазмұнды жасау жасөспірімдерді қызықтырады, олардың маңыздылығын сезінуге және мектеп пен шіркеудің өміріне араласуға мүмкіндік береді. Жұмыстың бұл түрінің тағы бір нұсқасы студенттердің қатысуымен білім беру мазмұнын әзірлеу болуы мүмкін: бейнелер, қысқа метражды фильмдер, кинофильмдер және фотогалереялар, олар желідегі жазылушыларға Православие туралы айтып қана қоймайды, сонымен қатар балалардың өздері білімдерін тереңдетуге және сенім мен Шіркеуді жаңа көзқараста көруге мүмкіндік береді. Приходтық жексенбілік мектеп өмірінің тағы бір маңызды аспектісін еске түсірейік. Жексенбілік мектепте балаларды тәрбиелеу кезінде баламен ғана емес, оның отбасымен де жүйелі түрде жұмыс істеу маңызды. Жаратқан Иенің өзі ата-аналарға балаларын рухани тәрбиелеуді және өсіруді бұйырды: «Бүгін Мен саған айтатын бұл сөздер сенің жүрегіңде болады және оларды балаларыңа мұқият үйрет» (Втр. 6:4-9). Бұл ең маңызды жауапкершілік, ең алдымен, ата-аналардың иығына түседі және мектеп олармен бір мақсаттар мен құндылықтарды бөліссе ғана оларға көмектесе алады. Бала жексенбілік мектепте өте аз уақыт өткізеді. Православиемен аптасына екі сағат қана және Шіркеудің төрт қабырғасында ғана кездесетін балалар сенім - олардың өмірінің барлық салаларына енуді қажет етпейтін немесе болмауы керек шағын, оқшауланған дүние деп санайды. Сондықтан жексенбілік мектеп қызметінің маңызды бағыттарының бірі – отбасымен бірге балаларды тәрбиелеудегі күш-жігерін біріктіру. Ересектер баланы шіркеуге сүйреп апармайтын, бірақ ол Мәсіхті және Оның Шіркеуін жақсы көретіндіктен, ол өзінің сенетін құрбыларымен және егде жастағы шіркеу қызметкерлерімен жақсы сезінетіндіктен, ата-анасы онымен бірге болғандықтан және олар онымен бір өмір сүретіндіктен, ол сонда баруға ұмтылатын ортаны құра білу маңызды. Бұған жету үшін жексенбілік мектептің есігін балаларға ғана емес, бүкіл отбасына айқара ашып, жексенбілік мектеп аясында тәрбие жұмысының басты мақсаты ретінде отбасын нығайту міндетін қою қажет. Ата-аналардың көпшілігі балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін біледі, бірақ бәрі бірдей тиісті тәрбиеге жете бермейді. Ата-аналар үшін не істеу керектігін ғана емес, оны қалай істеу керектігін де білу маңызды. Сондықтан ұстаз мен ата-ана арасында өзара сыйластық болуы керек, ол кеңес беруге, бірлесіп талқылауға, шешім қабылдауға және т.б. мүмкіндік береді. Ұстаз ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенуі керек.
Сенуші немесе шіркеуге баратын ата-аналар баласын жақсы рухани ортаға орналастыруға тырысады, сонда басқа біреу оларға дұға етуге, құтқарылу туралы сөйлесуге және ұлының немесе қызының мінезінің қиын қасиеттерін түзеуге мүмкіндік береді. Бірақ басқа тәсіл қажет. Балаларға арналған тұрақты жексенбілік сабақтармен қатар, кем дегенде айына бір немесе екі рет ата-аналармен тақырыптық пікірталас ұйымдастырып көруге болады. Жексенбілік мектеп сабақтарында отбасының маңыздылығы мен құндылығы туралы, үлкендерге бағыну, әке мен ананы құрметтеу туралы жиі айтыңыз. Ал ата-аналар тыңдайтын әңгімелер немесе сабақтар үшін христиандық сенімнің догматикалық негіздерімен бірге христиандық некенің мәнін, ерлі-зайыптылардың рөлін, тәрбие міндеттерін және жеке тұлғаның дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тақырыптарды таңдау керек.
Дегенмен, діни тақырыпта анда-санда пікірталас өткізу жеткіліксіз; ата-аналардың балаларымен «үйлесуі» үшін іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру қажет. Ата-аналарға балаларының сабақта не оқып жатқаны туралы хабарлаудан бастауға болады. Содан кейін, бұл ақпаратты ересектердің мүдделеріне сәйкестендіріп, катехизацияға дейін біртіндеп кеңейтіңіз. Сондай-ақ әрбір отбасының қиындықтары мен мәселелерін түсіну маңызды: олардың қажеттіліктері қандай, баласы қалай өсіп жатыр және олар қалай оқиды. Және бұл отбасына бағытталған тәсіл оқу жылы бойы сақталуы тиіс.
Балаларды кішкентай кезінен мейірімділікке баулу керек. Бұл дағдылар ертеректе Шіркеуге баратын отбасыларға сіңген. Бүгін - бұл да жексенбілік мектептердің мақсаттарының бірі. «Егер біз оқушыларымызды жақсы көретін болсақ, - деп жиі қайталайтын ұлы педагог Сергей Александрович Рачинский, - біз олардың бойында белсенді ізгілікті оятпайынша, оларды жақсы іс-әрекетке ынталандырмайынша тыныштық таппаймыз: бұл - зұлымдық пен кеселден қорғанудың ең жақсы және жалғыз жолы. Өз еркіңді тек жамандықтан тыйып қана қоймай, жақсылық жасауда да көрсет. Бұл рухты жігерлендіреді және сонымен бірге кішіпейілділікке үйретеді, өйткені жақсылық жасау жамандықтан аулақ болудан да қиынырақ». Біздің приходтар қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарын жүргізеді, балалар оған қатыса алады және қатысуы керек: олар үлкендермен бірге қарттар мен мүгедектерге барады, оларға өз қолдарымен қарапайым сыйлықтар дайындайды немесе қысқа музыкалық бағдарлама ұйымдастырады, үй жинауға немесе азық-түлік сатып алуға көмектеседі.
Кейбір мектептерде жалғыз тұратын қарттарға оқушыларымыздың қолдаушылық көмек ұйымдастырылғаны аға буынның есінде болса керек. Бұл оң тәжірибе бүгінде де сұранысқа ие. Діни қызметкерлер қарттар үйіне немесе балалар үйіне қол жеткізе алатын болса және мекеме басшылығымен келісімдер жасалуы мүмкін болса, жексенбілік приход мектебі шіркеу немесе зайырлы мерекелерге сәйкес келетін іс-шараларды ұйымдастырған жөн. Жақындарымызға сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, ынтымақ таныта білу, жылаушылармен бірге жылай білу және қуанғандармен бірге қуану (Рим. 12:15) – бұл біздің Мәсіх туралы басты куәлігіміз, оны өзіміз үйреніп, балаларымызға үйретуіміз керек.
Қорытындылай келе, бәріміз үшін маңызды бір қағиданы еске салғым келеді: мұғалімдер өздері оқытатын пән оқушылары үшін қызықты болып қалуы үшін үнемі білім алуы керек. Үнемі білім алу деген нені білдіреді? Тек оқу тақырыбын білу жеткіліксіз; оны шынайы өмірмен байланыстыру маңызды. Шындықпен байланыссыз ол құрғақ және пайдасыз тақырыпқа айналады. Сондықтан өмірден алынған мысалдар, әртүрлі жағдайларға сілтемелер, қызықты тарихи және заманауи оқиғаларды талдау балаларға христиандықты контекстік түрде қабылдауға көмектеседі - олар білетін нәрселермен, оларға таныс нәрселермен, күнделікті өмірде нені қоршап жатқанымен тығыз байланыста. Сонымен, жексенбілік мектепте оқыту ешқашан біздің өмірімізден ажыратылмайды, сондықтан біз сабақтарды әрқашан жарқын, есте қаларлық мысалдармен толтыруымыз керек. Біз оларды әулиелеодің, өткен батырлардың, көрнекті замандастарымыздың өмірінен ала аламыз.
Заманауи приход мектебі Інжіл ақиқаты, ізгілік және сұлулық қағидаттары негізінде құрылып, жұмыс істеуі керек. Құдайдың қалауымен бүгінгі құтты Қазақстанымызда көріп отырған нәтижелер көңіл қуантады, көңілге қонымды. Енді барымызды жинақтап, дамытуымыз керек. Бұл, әрине, қиын, бірақ біз Құдайдың күші әлсіздікте кемелді болатынын ұмытпауымыз керек (2 Кор. 12:9).
Баршаңызға құрбандықты, төзімділікті, шыдамдылықты және, әрине, Құдайға, Православиеге және балаларға деген үлкен сүйіспеншілікті талап ететін қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы сіз Мәсіх шіркеуінің іргетасын нығайтасыз, оның болашағын қалыптастыруға көмектесесіз және Құтқарушының бүкіл әлемге Ізгі хабарды уағыздау туралы бұйрығын сөзбен емес, іспен орындайсыз. Сөзімді аяқтай отырып, мен барлығына елші Павелдың жұбататын сөздерімен аяқтаймын: «Табанды, мызғымас, әрқашан Жаратқан Иенің ісінде табысты болыңдар, өйткені Жаратқан Ие үшін еңбегіңнің бекер емес екенін біл» (1Кор. 15:58).
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр