ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
19.04.2026, 10:00

Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының архиепископ Севастианды есім күнімен құттықтауы

Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының архиепископ Севастианды есім күнімен құттықтауы

19 сәуір 2026 жыл -  Қазақстанның көктегі қамқоршысы, қасиетті Карағандылық  Севастианды еске алу күні. Бұл күн сондай-ақ Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастианның есім күні болып табылады.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Жоғары мәртебелі архиепископқа жолдаған құттықтауында былай делінген:

«Жоғары мәртебелі, аса құрметті Әмірші!

Христос тірілді!

Сізді ұлы мереке – Қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сондай-ақ Сіздің есім күніңізбен де шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз! Өзіңіз үшін ерекше осы күні Сізге денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық және Құдайдың көмегін тілеймін. “Иеміз бен Құдайдың Өз Қанымен иеленген Шіркеуін бағу” (Деян. 20:28) жолындағы еңбектеріңізде Жаратқан Ие жар болсын.

Сіздің көктегі қамқоршыңыз – Карағандылық қасиетті Севастиан өнегесі Сізді шіркеулік өмірді нығайту және сенушілерге қамқорлық жасау жолындағы еңбектеріңізде шабыттандырсын. Аса мейірімді Иеміз Сізге Ең Қасиетті Құдай Анасының шапағатымен, Қазақстанның жаңа азап шегушілері мен діндарларының дұға-тілегі арқылы Қасиетті Шіркеудің игілігі үшін архипастырлық қызметіңізді жалғастыруда Өзінің нығайтушы көмегін сыйлап, Сізге ұзақ ғұмыр мен берекелі өмір берсін.

Шынымен де Христос тірілді!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді